- 31 қаң. 2020 00:00
- 274
Қожа мен екі досы
Қожанасыр би болып тұрған кезінде де кедейліктен құтыла алмапты. Басқаны былай қойғанда, үйінде шай ішетін шынысы да жоқ екен. Біреу бір шыны тарту етіп, Қожамен дос болады.
Енді біреу бір ешкі беріп, дос болады.
Күндердің бір күнінде екі дос жандалдасып, Қожаға жүгініске келеді.
— Қожеке, шыныңызға көшіңіз, — деп бірінші дос шыны сыйлағанын ескерте сөйлейді.
Сонда екінші дос:
— Сен де қайдағы жоқты айтады екенсің, шыныны баяғыда ешкі басып сындырып тастаған, — депті.