depositphotos.com/ ventdusud
- 18 мам. 2026 03:00
- 28
БАӘ атом электр станциясына дрон шабуылынан кейін өрт шықты
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) «Барака» атом электр станциясына (АЭС) дрон шабуылынан кейін өрт шықты. Бұл туралы ел ресмилері хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, өрт АЭС-тің ішкі периметрінен тыс, Аль-Дафра аймағында орналасқан электр генераторында болған. Оқиға орнына Абу-Дабидің арнайы қызметтері жедел жетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
БАӘ атомдық реттеу федералдық басқармасының мәліметінше, өрт станцияның қауіпсіздігіне немесе негізгі жүйелерінің жұмысына әсер етпеген.
Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) БАӘ билігіне сілтеме жасай отырып, шабуылдан кейін АЭС-тегі радиация деңгейінің қалыпты шекте сақталғанын мәлімдеді. МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, ядролық қауіпсіздікке қатер төндіретін әскери әрекеттерді қабылданбайтынын атап өтті.
БАӘ билігі шабуылдың шыққан жерін анықтап жатқанын және мұндай «террористік шабуылдарға» жауап беруге толық құқылы екенін айтты. БАӘ президентінің дипломатиялық кеңесшісі бұл жағдайды қауіпті эскалация деп атады.
Бұған дейін, 5 мамырда БАӘ Қорғаныс министрлігі зымыран және дрон шабуылдарына қарсы толық әзірлікте екенін хабарлаған болатын.
-
A drone strike caused a fire near the Barakah nuclear power plant in the UAE, with authorities confirming no impact on safety and normal radiation levels.