Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Бағалау критерий
Бағалау критерий
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай - ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін - өзі бағалау, қабілеттілік және күш - жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.

Бағалау
▪ Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтайтын бағалау формативті немесе Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) болып табылады.
▪ Егер бағалау мақсаты жіктеу, сертификациялау немесе оқытуды жылжыту үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқытуды бағалау деп атайды.

Блум, Бенджамин (ағыл. Benjamin Bloom) (1913 - 1999)
Америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген. 1942 жылы Чикаго университетінде доктор дәрежесін қорғаған. 1965 - 66 жылдары Ағарту ісін зерттеушілер бірлестігінің президенті болған.
«Адами мінездемелер тұрақтылығы мен өзгеруі» және «Білім мақсаттарын жіктеу». ХХ ғасырдың 60 - 70 жылдары АҚШ - тың көптеген білім беру мекемелері тұжырымдамасын қабылдаған,

Г. А. Цукерман
«Сиқырлы сызғышы»
Критерий – оқушы жұмысының орындалған деңгейін анықтау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіш. Пәндік нұсқаулықтарда әр пән тобы бойынша қорытынды бағалауға қолданылатын бағалау өлшемдері берілген. Өлшемдер бір мағыналы және айқын болуы шарт.

Дескриптор – әрбір бағалау өлшеміне жетуге тиісті жетістіктер деңгейінің сипаттамасы.

Ұстанымдар негіздері:
1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.
2. Дескрипторлар оқушыға алдын - ала белгілі болуы шарт.
3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.
4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.
Бағалау критерий слайд жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама