Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 сағат бұрын)
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Облыстық практикалық семинарға дайындаған
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтың мақсаты: білімділік: Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру
Дамытушылық: Өз беттерінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, ізденіс, белсенділік, танымдық қабілеттерін арттыру. Ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту. Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік: поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттеріне, қоршаған ортаны қорғай білуге, туған жерге деген құрмет сезімдерін ояту. Адам арасындағы заңдылықтарды сақтай білуге тәрбиелеу
Коррекциялық: анық, түсінікті сөйлеу машықтарын жетілдіру
Сабақтың түрі: танымдық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, сатылай - кешенді талдау, деңгейлік тапсырмалар, мәнерлеп оқу, өзбетіндік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, оқулық, ақынның портреті, өлеңдер жинағы
Пәнаралық байланыс: география, бейнелеу өнері, музыка

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Есту құралдарын тексеру

ІІ. Тіл жаттығулары: 1. (Оқушылар бір - бірінен сұрайды)
- Қазір қандай сабақ болады?
- Қазір әдебиет сабағы болады.
- Әдебиет сабағынан қандай тақырып өтіп жатырмыз?
- Әдебиет сабағынан М. Мақатаевтың өмірі мен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын өтіп жатырмыз.
- Мұқағалидың ең алғашқы өлеңі кімге арналған?
- Мұқағалидың ең алғашқы өлеңі әкесіне арналған.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйге: М. Мақатаевтың өмір жолы мен «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқып келу
2. Оқушылар бүгінгі сабақта не істейтіндерін мұғалімнен сұрап біледі.
- Апай, біз қазір сабақта не істейміз?
- Біз сіздермен М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын талдаймыз. Біз поэманы талдамай тұрып, үйден дайындалып келген «Мұқағали әлеміне» шолу жасайық. (Хронологиялық кесте)

ІV. Сабақтың құрылымы:
- Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не?
Тақырып
↓ Сұлулық, махаббат, зұлымдық.
- Сұлулыққа қарама - қарсы табиғатқа зұлымдық бар.
- Зұлымдық деген не?
- Зұлымдық деген - жамандық ойлау, табиғатқа қатер туғызу, қиянат жасау
Енді осы поэманы талдау үшін қазір класс оқушыларын екі топқа бөлемін.
І топ: Аққу
ІІ топ: Табиғат

Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар
мектеп - интернат - колледжі
Мұғалім: Айтқалиева Б. Е.
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жүктеу
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы слайд жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама