Photo: Валерій Волинський (https://www.pexels.com/@2158518894) / Pexels
- 26 сәу. 2026 18:00
- 28
Бағдат Әшімова немере-шөберелерімен түскен жаңа суретін жариялады
Қазақ өнерінің абызы атанған Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.
Ол бұл жазбасында немере-шөберелерімен бірге отырған суретін көрсетті.
"Немере-шөберелермен", – деп жазды Бағдат Әшімова.
Айта кетейік, Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21 желтоқсанында 88 жасында өмірден озды. Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі атанған сахна саңлағы ұлттық театр мен кино өнерінің дамуына орасан үлес қосты.
1937 жылдың 8 мамырында Жамбыл облысында дүниеге келген өнер иесі шығармашылық жолын М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сахнасында бастаған. Ол тек актер ғана емес, режиссер, сценарист әрі білікті ұстаз ретінде де ел жадында қалды.
Асанәлі Әшімов "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі" сияқты әйгілі фильмдердегі рөлдері арқылы қазақ киносының алтын қорына енді. Оның жарқын бейнесі мен бай мұрасы ұлттық мәдениет тарихында мәңгі сақталады.