- 17 ақп. 2020 00:00
- 204
Басын қалдырып кетпесін
Бір атақты кісі Қожанасырды іш тартатынын айтып, жиі қонаққа шақырып жүреді екен. Бір күні Қожанасыр соның үйіне бара жатса, ол терезеден сыртқа қарап тұр екен. Қожанасырды көреді де, терезеден кейін шегініп кетеді. Қожанасыр есік қағады, есікті қызметшісі ашыпты.
— Қожайын үйде ме? — дейді Қожанасыр.
Кызметші:
— Жоқ, жаңа ғана шығып кетті. Сіздің келіп кеткеніңізді білсе, өте өкінетін болды, — дейді.
— Өте жақсы, — дейді Қожанасыр, — қожайын келгенде, айтарсың алдағы уақытта үйден шығарда басын терезенің алдына қалдырып кетпесін.