Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Басқа мақсатта пайда болған 15 қарапайым зат

Біз әрбір заттың белгілігі бір нәрсеге арналуына үйреніп қалғанбыз. Алайда олардың көпшілігі бастапқыда мүлдем басқа түрге ие болған және тіпті басқа мақсаттарда пайдаланылды.

Bilim-all.kz таныс заттардың әуелгіде қолданысқа не нәрсеге арналғанын анықтап беретін шағын зерттеуімізге қосылуды ұсынады.

 

Кока‑кола

© flickr

Фармацевт, АҚШ азаматтық соғысының ардагері Джон Пембертон кола (тропиктік ағаш) жаңғағы мен коки (кокаин алынатын тропиктік бұта) жапырағынан тұнба жасап шығарды. Ол мұны әскерилердің жарақаттану кезінде ауырғанын басатын препараттармен бірге жүйке жүйесі ауруын емдеуге арнап жасады. Кейінірек ол алкогольсіз сусын шығаруды қолға алды, бірақ артынша акцияларды сатып жіберді. Ал, оның жаңа иесі коки жапырағын кокаиннен тазарту арқылы «Кока‑Кола» өндірісін шығаруды бастап кетті.

 

Қара көйлек

© rexfeatures   © wikimedia

Өткен ғасырдың 20-шы жылдарына дейін әйелдер мен ерлер әдетте қара түсті киімді қазалы жағдайды білдіру мақсатында, сондай‑ақ оны кем дегенде 2 жыл киетін болған. Соған қарамасан, 1926 жылы Коко Шанель сүйіктісін еске алу кұрметіне «Шанельден Форд» атты әйгілі қара көйлегін таныстырды. Алдымен оған кино жұлдыздарының назары ауса, кейінірек бұл сән үлгісі жаһанға танылды.

 

Караоке

© pexels

Жапондық Дайсукэ Иноуэ, рок тобының барабаншысы кафе қонақтарына арналған кезекті орындауларының арасындағы үзілісте ән айтқысы келетіндерді музыкалық сүйемелдеп тұрды. Күндердің күні ол келе алмай қалғандықтан өзінің орындауындағы дыбыстық жазбалы кассетаны әріптестеріне табыстады. Ал 1971 жылы ол өлең сөздері айтылмай, тек музыка ойнап тұратын аппарат ойлап тапты. Музыканттар демалып, ал қонақтар болса қуана‑қуана ән салды.

 

Play-doh ермексазы

© pixabay   © depositphotos

Әуелгіде бұл затты пеші бар үйлердегі тұсқағаздарды тазалау үшін, яғни қабырғада күйе жиналатындықтан пайдаланды. Бірақ көп ұзамай ысқышпен оңай жуылатын винильді тұсқағаздар пайда болды және бұл туынды көп ұзамай өз құндылығын жоғалтты. Соған қарамастан, өнертапқыштың туысы, балабақша тәрбиешісі балаларға жабыстыруға арналған материал берді. Олар мәз‑мейрам болды. Кейінірек оның құрамынан жуғыш қоспаны жойып, бояғыш зат қосты және оны Play-doh деп атады.

 

Жүгіретін жол

© wikimedia   © rexfeatures

Жүгіретін жол прототипін 1817 жылы Вильям Кьюбитт түрмедегі тұтқындарды түзету үшін, сонымен бірге дән түйіршігін диірменмен уату мақсатында ойлап тапты. Олар таяқшаны ұстап тұрып, қалақшамен жүру үшін аяқты көтеру қажет еді.

 

Белгілеп жазуға арналған жабысқақ қағаз

© pixabay   © pixabay

Спенсер Сильвер берік ұстап тұратын желім ойлап тапты. Бірақ желім мықты болмай заттар болар болмас қана жабысты. Бұл желімді Спенсердің әріптесі Артур Фрай үнемі өзінің кітапшасынан түсіп қала беретін бетбелгіге пайдаланып көрді. Уақыт өте келе, дүкендерде  қазіргі таңда бүкіл әлемде қолданылатын белгілеп жазуға арналған жабысқақ қағаз пайда болды.

 

Биік өкшелі аяқ киім

© pixabay   © wikimedia

Ежелгі Египетте биік өкшелі аяқ киім кию тектіліктің символы саналды, оны, яғни «тіреуішті» аяқ киімді діни әдет‑ғұрыптарда киді. Ондай аяқ киімді ерлер де, әйелдер де киген. Сонымен қатар өкшесі бар аяқ киімді қасапшылар да киген, ал парсы шабандоздарына өкшелі аяқ киім садақ ату кезінде орнықтылықты сақтауда өз септігін тигізген. Орта ғасырдағы Европада биік өкшелі аяқ киім ақсүйектердің биік дәрежеге ие екендігін көрсетті, бірақ уақыт өте келе бұл аяқ киім түрі кеңінен таралды. Ал XX ғасырларда әйгілі тік өкшелі аяқ киімдер жасап шығарылды.

 

Түйіршікті қаптама

© depositphotos

Көпшілікке танымал «бөртпелі» жұқа қаптаманы 1957 жылы инженерлер Альфред Филдинг пен Марк Чаванн ойлап тапты. Бастапқыда олар үш өлшемді жұмсақ тұсқағаз жасап шығарды. Әйтсе де, нәтижесі сәтсіз болды да, сөйтіп олар орағыш ретінде пайдалануға болатын жаңа материал жасап шығарды. Көп ұзамай патенттелген Bubble Wrap көптеген салаларда таптырмас құралға айналды.

 

Жастық

© depositphotos   © wikimedia

Месопотамияда қатты бас сүйегіштерді жәндіктерден, судың көтерілуінен қорғануда, шаш үлгісінің қалпын сақтап қалуда қолданды. Ал Ежелгі Қытайда мұндай жұмсақ жастықшалардың пайдасы жоқ деп саналса, ал бамбуктен, нефриттен, фарфордан, ағаштан және қоладан жасалған қатты бас сүйегіш жастықшаларды күш‑қуат сыйлайды, әрі шайтаннан қорғайды деп сенді.

 

Вазелин

© wikimedia

XIX ғасырдың ортасында мұнай индустриясының қызметкерлері сорғыш құбырларында жинақталып қалатын балауыз заттарымен күресіп келді. Ағылшын химигі Роберт Чезбро «мұнай тоңбасының» бір бөлігін алып, зерттеу жүргізді, ал нәтижесінде оның пайдалы қасиеттерге ие екендігін анықтады. Оны қолданудың спектрі сол жылдары ерекше кеңінен таралды: жараны емдеуден бастап кілем тазалауға дейін қолданылды.

 

«Слинки» секірмелі серіппе

© flickr   © flickr

«Слинки», яғни «Кемпірқосақ» серіппесі негізінен балаларға арнап жасалынбаған еді. Бірде инженер Ричард Джеймс дауыл кезінде аспаптардың дірілін компенсациялауға арналған құрылғымен жұмыс жасады және кенеттен бір серіппені бұзып алды да, ол еденге еркін секірілген түрде серпіліп түсті. Кейініректе дүкен желісінде «Слинки» серіппелері пайда бола бастады, ал James Spring & Wire Company фирмасы қазіргі уақытқа шейін мұндай ойыншықтардың 300 млн‑нан астамын сатып үлгерді.

 

Шай қалташасы

© pixabay

Томас Салливан 1904 жылы Нью‑Йоркте шай сатып жүріп, оны неғұрлым тиімдірек етіп «жібек қалташамен» сатуға бел буды. Ал тұтынушылар мұны өздерінше ноу‑хау (өндіріс құпиясы) ретінде қабылдады. Олар шайды қалташадан алып сепкен жоқ, бірақ оны қателесіп қайнаған суға бірден салып қойды. Нәтижесінде сауда қарқыны шарықтап, идея жүзеге асты.

 

Листерин

© wikimedia   © wikimedia

Ағайынды Джонсондар 1879 жылы аталмыш антисептикті (жараны басқаға жұқтырмайтын дәрі) хирургиялық аспаптарды әзірлеуге арнап жасады. Иә, осылайша бұл атау хирург Джозеф Листердің құрметіне берілген. Көпшілік бұл сұйықтықты барлық жерде пайдалана бастады: жараларды емдеуде, стоматологияда, қайызғақ пен саңырауқұлаққа қарсы дезодарант ретінде себу арқылы пайдаланды. Ал аталмыш өнім 1920 жылы тек «Листерин» жарнамасынан кейін ғана таныла бастады. Плакатта қыз күйеу жігіттің жағымсыз иісінен бұрыла қарап тұрып, «Осыған қарамастан мен онымен бақытты боламын ба, жоқ па?» деген сұрақпен бейнеленіп тұрғанын көрсетеді.

 

Микротолқынды пеш

© depositphotos

Қысқатолқынды пешті ешкім арнайы ойлап таппағандығы барлығына мәлім. Бірде Raytheon корпорациясының инженері Перси Спенсер радарға арналған құралды тексеру барысында, микротолқынды радиациялық сәуле оның қалтасындағы шоколад батончигін ерітіп жібергенін байқайды. Сонда Перси еш саспастан қосылып тұрған магнетронға (электрон лампасы) попкорнды қойғанда, ол ортасынан қақ бөлініп жарыла бастады. Міне, бұл ғасырдың нағыз жаңалығы болды!


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама