Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бастауыш сыныппен қоштасу
Қош бол, бастауыш мектеп!
Мақсаты:
1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт - сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

1 - жүргізуші: Дастан
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.

2 жүргізуші: Назерке
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

1 - жүргізуші: Дастан
Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелеп.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.

2 - жүргізуші: Дастан, Бүгін біз сауатымызды ашып, білім, негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғашқы қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен солымызды танытқан ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.
1 - жүргізуші: Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріңіздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Қош бол, бастауыш мерекесін» бастауға рұқсат етіңіздер!
2 жүргізуші: Олай болса, Дастан бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.

1 жүргізуші:
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 сынып түлектерін ортамызға.
(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. )

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама