Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бектібай шыңын да көріпті

Орта жастан асып, сақал-шашы бурыл тартқан Сердалы лепіре сөйлеп, үй толы адамды ұйытып отыр. Сол мақтан сөздерінің ішінде: «Бектібай шыңын да көргенмін!» деп дауысын көтеріп, қоқиланып қойды. Отырғандар сылқ-сылқ күлді. Сердалы ауқатты адам. Оның осы жасқа келгенше ауылынан он шақырым жердегі шыңды көргенін мақтаныш еткеніне жұрттың күлуі орынды күлкі еді. Дүние қызығына беріліп, баюды ғана арман еткендердің үлгісі ғой бұл Секең.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама