Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Төбеңнен жай түскелі тұр

Кенжебайұлы Төлебай — ұзын аққан Есілдің бүгілісіндегі Қарауыл, Тарақты, Бағаналы елдерінде қадірлі адам, құрметті ақсақал. Сол Төкеңнің жалғыз баласы Әбділда Атбасар жәрмеңкесі кезінде жай түсіп, мезгілсіз қазаға ұшырайды.

Ел жақсылары Әбділданың денесін ауылына апарып, Төкеңнің қайғысына ортақтасуға аттанады. Бұл топ орта жолдан аса берген кезде, Төкеңнің тетелес замандастарының бірі Бектас топтан озып, ауылға барады. Ол — белгілі әбігер, істің алды-артын болжамай, ойына не келсе соны істейтін ұрда-жық адам. Сол мінезіне сәйкес жұрт оны «Айғырбай» деп атайтынды. Сол ожарлығын осы жолында да көрсетті ол.

Ауылдағылар оның жаманат айтқалы келе жатқанын бей-берекет жүрісінен сезгендей болды. Әсіресе байсалды қарт Төкең ерекше сезіктене қалды. Бектас сүріне-қабына үйге кіріп, төрге отырар-отырмастан:

— Уа, Төлебай, төбеңнен жай түскелі тұр! — деп өзі сезіктеніп отырған қарт атаның жүрегін одан әрі тебірентті. Мез- гілсіз кездескен ауыр қазаны «Айғырбай» ақсақал осылай естіртті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама