- 05 нау. 2024 04:27
- 232
Бес ешкі
Күні: 25. 09. 2019 | Пәні: әдебиеттік оқу | Сынып: 4 |
Сабақтың тақырыбы: | Бес ешкі | |
Мақсаты: | Ертегінің мазмұнын, негізгі ойын түсіну. Ертегі кейіпкерлерін сипаттай алуы. | |
Табыс критерийлері: |
| |
Сабақтың әдісі: Бағалау: | Топтастыру, топтық, жұптық жұмыс, Жиксо әдісі Мұғалімнің бағалауы, бағалау парағы | |
Ұйымдастыру кезеңі: | Жүректен - жүрекке. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір - біріне жақсы тілектер айтқызу.) «Кемедегінің жаны бір» демекші, бүгінгі сабақта бәріміз жұмылып, біріге жұмыс жасайық. Сабағымыздың эпиграфы «Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты» (3 минут) | |
Үй тапсырмасын тексеру | Аңыз бойынша бір - біріне сұрақтар қою (5 минут) | |
Қызығушылықты ояту | Ертегі деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді? (2 минут) | |
Мағынаны тану | Мағынаны тану (түсіну, қолдану) Ертегіні оқып, танысу. Жигсо әдісін қолдану Балалалар, бүгін «Бес ешкі» ертегісімен танысамыз. Бұл ертегіні топ болып бөліктерге бөліп оқимыз. Топтың өзі ішінара 1, 2, 3, 4 - ке бөлінеміз. «Джигсо» әдісімен. I топ II топ III топ IV топ Оқушылардың міндеттері: - мәтінді өз бетінше оқу, біріге талдау; - Сараптама топтарына барып, ертегінің қалған бөліктерімен танысу - Өз «Жанұя» топтарына келіп, ертегі желісімен танысады. (қол шапалақтау арқылы оқушылар өз - өздерін бағалайды) (10 минут) | |
Ашық сұрақтар қою | - Сұрақтар: - Ертегідегі басты кейіпкерлерді ата. - Үй жануарлары боранға ұшырағандағы әрекеттерінен нені байқадық? - Ертегі қалай басталады? - Кедейдің далада боранда қалған малына не кез болады? - Кедей малдарын қалай шақырады? - Олар өз бастарын қорғау үшін не істегендерін қалай айтады? - Ертегі саған ұнады ма? Несімен ұнады? - Бұл ертегінің қай түріне жатады деп ойлайсың? (6 минут) | |
Сергіту сәті | Ән әуеніне билеу (2 минут) | |
Шығармашылық жұмыс | «Ротация» әдісімен ой қорытындыларын плакатқа жазып, ортаға салу. - Ертегі кейіпкерлерін ата және оларға мінездеме бер. - Ертегінің жағымды жағы не деп ойлайсың? - Ертегінің жағымсыз жағы не деп ойлайсың? - Мәтіннің өзектілігі неде және қандай үлгі алдың? Сен білесің бе? Ат туралы бейнежазба көрсету (10 минут) | |
Қорытынды Рефлексия | Бағалау (бағалау) Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өз мүшелерінің жинаған балының қорытындысы бойынша журналға түсіру. - Не ұнады? - Не ұнамады? (5 минут) |