Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бейнелеу өнері әлеміне саяхат
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің бейнелеу және сызу пәні мұғалімі
Есіркеев Қайрат Еленбайұлы

4-сынып бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнері әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты. Баланың ой - өрісін дамыту сурет туралы түсінік беру. Шығармашылық қабілетін дамыту. Сурет әліппесін таныстыру.
Көрнекі құралдар.
Түрлі түсті суреттер, сурет құралдары, оқулықтар.

Сабақ барысы.
Педагог балаларды шеңбер бойына жинап, бейнелеу өнері әлемі туралы түсінік беріп, әліппе - дәптерімен таныстыру.
Содан кейін балаларды “Бейнелеу өнері деп аталатын ертегілер. Еліне саяхатқа шақырады.
Бұл елде ертегі сиқыршылары өмір сүретін айтып, әліппе - дәптеріндегі “Көңілді пойыз’’ вагондарына назарларын аударады .Бейнелеу өнеріне қажетті құралдар тіркелген

“Көңілді пойыздың’’ ғажайып вагондарымен таныстырады. 1-ші вагон “Cурет” деп аталады, онда жай және түрлі-түсті қарындаштар, субояқ, қылқалам, және ақпараттар орналасқан.

Осы керемет құралдар арқылы таңғажайып суреттер
Салатындарын, сурет салудың түрлі әдіс – тәсілдерімен танысатындарын түсіндіреді.
2-ші вагон “ Мүсіндеу” деп аталатынына көңіл аудартып, қолданылатын құралдардың атын атап, олардың көмегімен, арнайы әдіс - тәсілдерді меңгере отырып, табиғаттағы түрлі - тіршілік иелерімен заттарды мүсіндеп үйренетіндерін айтады.

3- ші вагон “Жапсыру” деп аталады. Түрлі - түсті қағаздардың сырға толы сиқырымен танысып, керемет әлемді шарлайтындарын қуанышпен хабарлайды.
4-ші вагон “ Бүктеу” (оригами) деп аталады. Сиқырлы қағаздарды түрлі тәсілдерімен бүктеу арқылы ғажайып бейнелер жасап үйренетіндерін әңгімелейді.
5-ші вагон бұл “ Коллаж”, яғни түрлі табиғи материалдар - мен бұйымдарды жапсыру арқылы әр түрлі көріністер шығарып үйренетіндеріне назарларын аудартады.
Бұл елдің ең басты сиқыршылары –суретшілер, мүсіншілер, өнер иелері. Олардың жасаған шығармаларында әрқашан жарқыраған күн шығып, айнала әр түрлі субояққа малынып, құбылып тұрады.
Педагог балаларда суретшілердің түрлі құралдарымен, салған шығармаларымен, мүсіншілердің сан алуан тақырыптарға жасаған мүсіндерімен т.б таныстырып,бірге тамашалайды.

Релаксация.
Баяу әуеннің ырғағымен пейзаждарды қарап, өздерін оны бір бөлігі ретінде есептеп ( ағаш, шөп, гүл, т.б ), елестетеді.
Балалар көздерін жұмып, денелерін бос ұстап, самал мен тербетіледі.
Педагог балалардың бүгінгі сабақта 1-ші вагонда орналасқан сурет құралдарымен жұмыс істейтіндіктерін айтып, оларға суретші ойнауды ұсынады.
Олар әдемі әуен ырғағымен қағаз және көркемдік материалдарды таңдап алып, “ Біз суретші баламыз, қалауымызды саламыз” тақырыбына сурет салады.
Балалар өздерінің киімдеріндегі әдемі суреттер мен өрнектерге көңіл аударады. Осы суреттердің барлығын суретші, ал киімнің үлгісін суретші - модельер ойла тапқанын түсіндірген жөн.

Ойын:
“ Кімнің киіміне тән өрнек”
Бір баланың киімі жайлы әңгімеленіп, өзгелері кімтуралы айтылғанын табады.
Қорытынды.

“Суретші суретті неліктен салады” деген сұрақ төңірегінде ойлану ұсынылады. Педагог суретші туындылары, өмірдегі сұлулықты бізге сыйлайтыны, біз қолданатын заттар тек пайдалы ғана емес, ыңғайлы да әдемі болу жайлы әңгімелеп, балалардың өздері салған суреттерін әңгімелетіп, талқылайды.
Үй тапсырмасы.
Әліппе – дәптермен жұмыс.”Көңілді пойыз” туралы әңгіме құрастыр

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама