- 04 нау. 2024 23:50
- 154
Сурет салып үйренейік
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектебінің бейнелеу және сызу пәні мұғалімі
Есіркеев Қайрат Еленбайұлы
Сабақтың тақырыбы: Сурет салып үйренейік
Сабақтың мақсаты.
Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс - тәсілдері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту.
Сабақ кезіндегі тәртіп ережелері мен ұжымдық бірлестікке тәрбиелеу.
Қарындашты (қылқаламды) қатты баспауға үйрету.
Көрнекі құралдар.
Түрлі - түсті қарындаштар, ұзын ақ парақ, бояу, картоптан ойып алынған геометриялық пішіндер, қылқалам, суретшілер шығармалары, сорғыш (губка ).
Сабақтың барысы.
Балалар шеңбер бойына жиналып, өткен сабақ жөніндегі ой - пікірлерін ортаға салады, үй тапсырмасын талқылайды.
Педагог ғажайып пойыздың әрбір вагоны балаларды керемет шебер әрі суретші болуға, өте ғажап нәрселер жасауға үйрететін құралдарға толы екендігін, олар арқылы балалар“Көңілді пойыздың” бос вагондарын өз жұмыстарымен толықтырып, оны кейін туыстарына, достарына, таныстарына
сыйлай алатындықтары жайлы айтып түсіндіреді. Саяхат соңында әрқайсысы өз жұмыстарынан, сурет
жинақтарынан альбом және жеке кітапшалар жасай алатынын естеріне салады.
Әліппе - дәптерде берілген дөңгелек, сопақша, төрт бұрыш шаршы тәрізді геометриялық пішіндерді қарастырып, осы пішіндерге ұқсайтын заттарды, яғни:
Дөңгелек - алмаға, допқа, сағатқа, қырыққабатқа, көліктердің дөңгелектеріне;
Үшбұрыш - үйдің шатырына, иттің үйшігіне, сәукелеге;
Сопақша - жұмыртқаға, тасқа, картопқа;
Төртбұрыш - пойыз вагондарына, терезеге, теледидарға т. с. с ұқсайтынын табады.
Педагог балаларға осы геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, бүгінгі сабақта “Көңілді пойыз” тіркесінің суретін дәстүрден тыс әдіс арқылы бейнелейтіндерін айтады.
Жұмысқа кіріспес бұрын балалармен тазалық, қауіпсіздік және тәртіп ережелері туралы пікірлесіп, талдау жүргізеді.
Талдау нәтижесінде сабақ кезінде жалпы тәртіп ережелерін және көркемдеу құралдарын қолдану техникасы жөнінде төмендегідей бірнеше жалпы қауіпсіздік ережелерінқорытып шығарады:
сабақ уақытында тыныштық сақтау, бір - біріне кедергі келтірмей, ақырын сөйлеу керек;
өз жұмыс орнында тазалық сақтау керек;
әліппе - дәптерін ұқыпты ұстау керек;
сурет дәптерін кірлетпеу, бүктемеу, ұқыптылықпен пайдалану керек;
қылқаламды үш сауса қ аралығында дұрыс ұстау керек;
қылқаламдағы артық бояуды ыдыстың шетіне сүртіп тазалау керек;
қылқаламның қылын тазалап, жуып, сүрткішпен жайлап сүртіп, кептіру керек;
Әліппе - дәптермен жұмыс
Балалар үлгіге қарап, “Көңілді пойыздың” суретін бастырма әдісімен салады.
Жұмыс барысы:
1 - кезең: қарындашпен ұзын параққа ирек сызық арқылы жол салып, оны қылқаламды бояуға малып бастыру.
2 - кезең: көлемі төртбұрышты сорғышты (губка) бояуға малып, ирек жолдың үстіне вагондарын түсіру.
3 - кезең: картоптан шеңбердің үлгісін ойып алып, бояуға малып бастырып, адамның бейнесін салу.
4 - кезең: картоптың екінші жағымен вагон дөңгелектерін бастыру.
5 - кезең: қылқаламды бояуға малып алып, ұзын жолақтар түсіру.
Балалардың шаршағаны байқалған жағдайда “Cылақшы” атты сергіту сәтін жүргізуге болады. Балалар сылақшыларға айналып, оң қолдары қылқаламның рөлін атқарады.
Саусақтары қылқаламның қылдары болады, олар жұмсақ және тығыз. Сонан соң қылқаламды бояуға малып алып, толқынды қимылмен қабырғаны жоғары - төмен бояп, бейнелейді. Қолдары шаршаған кезде қылқаламды сол қолға ауыстыру керек.
Қорытынды
Балалардың аяқталған жұмыстарын бір біріне тіркеп
Көңілді поезд ұйымдастырамыз оқушылар жұмыстарын өздеріне көрсете отырып өз пікірлерін тыңдаймыз
Үй тапсырмасы: Әр түрлі геометриялық денелерді пішіндеу