Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
bilim-all.kz қазақстандық сайттардың Award.kz ұлттық интернет жүлдесін алды

bilim-all.kz қазақстандық сайттардың Award.kz ұлттық интернет жүлдесін алды.

AWARD.kz ұлттық интернет жүлдесі 2016 жылдың ең үздік сайттарын жариялады.

Масс-медиа аталымына Vласть аналитикалық интернет-журналы. «Мәдениет пен өнер» аталымына қазақстандық киноға арналған «Бродвей» сайты, «Бала тәрбиесі, білім мен ғылым» аталымына Маңғыстау облысындағы мектептердің электронды порталы, «физкультура және спорт, медицина, денсаулық, саяхаттау және демалыс» номинациясына «Ренессанс» спорт клубының сайты, «желілік сервис» номинациясына HiPO жұмыс іздеу порталы, «корпоративтік сайт» номинациясына «Top Kazakhstan» компаниясының сайты, «салалық және өңірлік портал» номинациясына AND.KZ сайты, «билік огандары мен өзін өзі басқару» аталымына «Атамекен» ҰКП сайты, «қоғамдық ұйымдар» аталымына Red Jolbors, «жеке парақшалар» аталымына бизнеске арналған Netpeak блогы, «интернет-дүкендер» аталымына Topfood Kazakhstan, «промо-сайт» номинациясына gear360.kz ие болды.

bilim-all.kz  «Бала тәрбиесі, білім мен ғылым» категориясы бойынша үшінші орын иеленді, сондай-ақ "Мемлекеттік тілдегі үздік сайт" категориясы бойынша алғашқы бестікке кірді.

Бұдан бөлек, 7kun.kz қазақ тіліндегі үздік сайт атанды. Үздік екі тілді сайт Маңғыстау тарихи мұражайының сайты, маркетингтік әлеуеті бар үздік сайт Lamoda.kz, дизайны ең үздік сайт COME ON гаджеттер сайты, «2016 жылдың ашық сайты» Topfood Kazakhstan интернет дүкені болды. Үздік ұялы телефон қосымшасы - «Naimi.kz» қызмет жалдау қосымшасы. Көрермендер көзайымы сыйлығы (веб-дауыс беру) - «Neupusti.net» жастар порталы. Көрермендер көзайымы сыйлығы (sms- дауыс беру) - «Vita Energy» интернет-дүкені. 2016 жылы Қазақстанның үздік web-студиясы - (rocketfirm.com) ракеталық фирмасы болды. Қазнеттегі жыл адамы ретінде Бағдат Мусин мен Қазпошта командасы марапатталды. Қазнеттегі жыл компаниясы Yandex Taxi мен Uber.

AWARD.kz ұлттық интернет премиясының мақсаты — Қазнеттің дамуын ынталандыру. 2016 жылы халықаралық әділқазылар алқасының мүшелері мен сарапшылар 500-ден аса қатысушының арасынан жеңімпазды 3 ай бойы іріктеді. Қазылар алқасының құрамында әлемнің 6 мемлекетінің сарапшылары, сондай-ақ халықаралық әлемге әйгілі Awwwards.com және Cssdesignawards.com. сияқты конкурстардың қазылар алқасының 4 мүшесі болды.

«Биылғы жылы конкурс талаптары өзгеріп, күрделене түсті. Бұл, әрине, әділ шешім қабылдап, іріктеу жұмыстарын барынша тиянақты жүргізуге мүмкіндік туғызды», - деп хабарлады ұйымдастырушылар.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама