Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Білім министрі ЖОО оқытушыларының жалақысы туралы айтты

Жоғары оқу орындары педагогтарының жалақысы өте төмен. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты.

«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беруде кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемінің жыл сайын өсуі байқалады. Осының алдында мемлекеттік гранттың құны 340-440 мың теңге болған. Алдыңғы жылы Мемлекет басшының қолдауының арқасында осы мемлекеттік гранттың көлемін 1 млн теңгеге дейін ұлғайттық. Бұл өз кезегінде университеттерге материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ педагогтардың, оқытушылардың жалақысын көтеруге мүмкіндік берді. 2019 жылы қыркүйекте министрлікке қарасты университеттер педагогтарының жалақасын 20 пайызға көтерсе, 2020 жылы қыркүйек айында тағы 20 пайызға көтерді», - деді А. Аймағамбетов.

Осы орайда министр бұл жұмысты әлі де жалғастыру қажеттігін айтты.

«Бүгінгі күні жоғары оқу орындары педагогтарының жалақысы өте төмен. Мектептермен, колледждермен салыстырған күннің өзінде бұл көрсеткіш бәсекеге қабілетті емес. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыру барлық ректордың алдында тұрған негізгі жұмыстардың бірі», – деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарлданғандай, өткен апатада Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев жоғары оқу орындарында білікті мамандарды даярлау мәселесіне қатысты Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың атына сауал жолдады.

Сонымен қатар сенатор ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруге қатысты ұсыныс айтты.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама