Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы,
№4 орта мектептің математика пәні мұғалімі
Ермагамбетова Салтанат Ондасыновна

6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тақырыбы туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылық: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу барысында жылдам ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды бірін - бірі тыңдауға, әр пікірді құрметтеуге тәрбиелеу. Ұжымда, шағын топта жұмыс жасауға үйрету
Сабақ түрі: Қорытындылау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: плакат, слайд, үлестірме қағаздар
Оқытудың әдісі: Түсіндіру әдісі, жеке оқушымен, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) оқушыларды түгендеу
б) оқушылардың оқу құралдарын тексеру
Оқушыларды Дымбілместің кітаптарының түсі бойынша топқа бөлу. Топ басшыларын таңдау.
Оқушыларды Дымбілмеспен таныстыру, оған біздің көмегіміздің қажет екенін айтып өту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Интерактивті тақтада үй тапсырмасының дұрыс жауаптары беріледі. Сол жауапқа сәйкес әрбір топ басшысы келесі топ мүшелерінің үй тапсырмасын тексеріп, кемшіліктері мен жетістіктерін көрсетеді.
№ 880
Бірінші жүйектегі бүлдірген түптерінің саны екінші жүйектегі бүлдірген түптерінің санынан 2, 5 есе артық. Бірінші жүйектен 12 түп бүлдіргенді алып, екінші жүйекке отырғызғанда, екі жүйектегі бүлдірген түптерінің саны бірдей болды. Алғашқыда екінші жүйекте неше түп бүлдірген болды?

2, 5x – 12 = x + 12
2. 5x – x = 12 + 12
1. 5x = 24
x = 16

№ 881
Алғашқыда екі кітап сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. 18 кітапты бірінші сөреден алып, екінші сөреге қойғанда, ондағы кітап саны бірінші сөредегі кітап санынан 3 есе артық болды. Алғашқыда кітап сөресінің әрқайсысында неше кітап болды?

X - кітап саны
(x - 18)*3=x+18
3x - 54=x+18
2x=72
x=36

III. Топпен жұмыс (Деңгейлік тапсырмалар)
Әр топқа 3 есептен беріледі (теңдеулер, мәтінмен жұмыс). Яғни топпен жұмыс жасап, есеп шығару арқылы Дымбілмеске көмектесеміз. Бұл теңдеулерді шешіп, а) коэффициенті мен бос мүшенің қасиеттерін айту, б) алгоритмі бойынша түсіндіру, в) мәтіндік есептерді теңдеу құру арқылы шығарып, қорғау.

а) 1 - топ: 2x – 5 = 2 (x + 0, 5)
2 - топ. 3, 5(2x - 1) = 3x - 3, 5
3 - топ. 4, 2(x - 1) = 0, 2( x + 4)
б) 1 - топ: 33(0, 1х + 1) = 4 - 6, 7х
2 - топ: 63х - 13, 7 = 13 (0, 1 + 5х)
3 - топ: 38(0, 1х + 1) = 40 - 3, 2х

в) 1 - топ: Бірінші бассейнде 1600 м ³, екінші бассейнде 1215 м ³ су бар. Бірінші бассейнді тазарту үшін одан сағатына 65 м ³ су насоспен сыртқа ағызылды. Екінші бассейнге сағатына 45 м ³ су насоспен құйылды. Екі насос жұмыстарын бір уақытта бастаса, неше сағаттан соң екі бассейндегі су көлемі теңеседі?

2 - топ: Екі пойыз А станциясынан бір - бірінен қарама - қарсы бағытта жүріп барады, А станциясынан бірінші пойыз 70, 5 км, екінші пойыз 56, 75км қашықтықта, Бірінші пойыз 57 км/сағ жылдамдықпен, екінші пойыз 62, 5 км/сағ жылдамдықпен жүрді, Неше сағаттан соң екі пойыз А станциясынан бірдей қашықтықта болады?

3 - топ: Теруші шығарманы 3 күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%- ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні теруге шығарманың 25%- і қалды. Шығарма неше бет болған?

IV. Тест тапсырмалары (ауызша)
1) Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар теңдеу деп атайды? (ax = b түріндегі теңдеуді)
2) х + 2, 7 = 3 теңдеуінің шешімі? (5, 7)
3) Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады? (түбірлері бірдей немесе түбірлері болмайтын теңдеулер)
4) х – 0, 6 = 1, 4 (2)
5) Теңдеудің түбірі дегеніміз не? (айнымалының теңдеуді тура теңдікке айналдыратын мәні)
6) 2х – 5 = х – 1(4)
7) Теңдеуді шешу дегеніміз не? (оның барлық түбірлерін табу немесе түбірлерінің жоқ екендігін дәлелдеу)
8) 6х + 7 = 25 (3)
9) Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер? (теңдеудің екі жақ бөлігіне де бірдей санды қосқанда мәндес теңдеуге түрленеді; теңдеудің екі жағын да нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде теңдеу мәндес теңдеуге түрленеді)
V. Дұрыс жауабын тап (пән аралық байланыс)
3х - 1=2(х - 2)
3(х+5)=7 - 5х

+ (тарих пәнінен )
Желтоқсан оқиғасының басты тұлғасы Қайрат Рысқұлбековке кейін қандай атақ берілді?
а) Халық батыры – х=- 15, 3
б) Ұлттық батыр – х=9, 2
в) Халық қаһарманы – х=- 3

+ (математика тарихынан)
Қазақтан шыққан тұңғыш математик?
1. Жұмаділдаев – х = - 8, 8
2. Жәутіков – х = - 1
3. Елубаев – х = 3, 6

+ (қазақ тілі)
Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы айтылатын сөздер?
а) Омоним – х = - 1, 4
а) Антоним – х = 5
а) Синоним – х = 5, 6

VІ. Сөзжұмбақ

Сұрақтары:
1. Тақ цифрлармен аяқталатын сандар
2. Құрамында мәнін табу қажет болатын әрпі бар теңдік
3. Бөлгіштерінің саны екіден көп сандар
4. 1 - ге және өзіне бөлінетін сандар
5. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді
6. a/b – a бөлшектің...

VII. Сабақты қорытындылау және бағалау
Топ ішінде және жекелей есеп шығаруда белсенділік көрсеткен оқушылар бағаланады.

VIII. Үйге тапсырма
№ 888 - 889. Есептердің шығару жолдарына қысқаша түсініктеме беріледі.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама