Тәуелсіз Қазақстан
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
Тереңөзек кенті, №210 О. Әбілпаттаев атындағы
Толық емес шағын орталық тобының тәрбиешісі
Конырбаева Орынгул Султанбековна
Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Отанды сүюге, Қазақстанға деген патриоттық сезімдерін одан әрі тәрбиелеу. Астана – Бас қала туралы түсінік беру. Ел тәуелсіздігін танытқан мемлекет нышандарын, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керектігін түсіндіру.
Сабаққа қажетті көрнекі – құралдар: Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, әнұраны. Астана қаласының, суреттері
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ болады, бізге қонаққа апайлар келіп отыр сабаққа жақсы қатысамыз.
Тәрбиеші: Жақсы, ал енді барлығымыз қосылып шаттық шеңберін жасайық.
Күлімдеп, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін
Балалар біз қай елде тұрамыз?
Балалар: - Біз Қазақстан елінде тұрамыз.
Біз қай қалада тұрамыз?
Балалар: - Қызылорда қаласында тұрамыз.
Біздің елордамыз қалай аталынады?
Балалар: Астана
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, сонымен әр адамның өз отаны болады. Отан - ол біздің туған жеріміз, тұратын жеріміз, отбасымыз. Отан - біздің ата-мекеніміз, біздің табиғатымыз, айнала қоршаған ортамыз.
1986 жылы ұлт - азаттық уақиға болды. Онда Алматы қаласында жастарымыз орталық алаңға шығып
Тәуелсіз еліміз, жеріміз егемендігіміз болсын деп ағаларымыз әпкелеріміз қанды уақиғада қаза тапты Қайрат Рысқұлов, Ләззат оларды біз ешқашанда ұмытпауымыз керек жадымызда ұстауымыз керек. Тәуелсіз ел болып, туымыз аспанда желбіреп тұғырымыз биіктен көрінді. Сондықтан осындай ағаларымызбен әпкелерімізді құрметтеуіміз керек.
Тәрбиеші: Балалар сендер Астана қаласына барып көрдіңдер ме?
Қазір біз Астана қаласына саяқатқа шығамыз. Астана қаласына бару үшін біз бүгін поезбен барамыз.
- Қазір бізде қандай мезгіл?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші:, Енді поезға отырамыз. Ал кеттік
Пуп чик - чик, пуп чик - чик, пуп чик - чик. Балалар Астана қаласына келдік.
Видео сюжет
Мынау бәйтерек
Мынау Темір жол вокзалы онда адамдар басқа жаққа бару үшін барады
Ал мынау Ақ орда онда біздің президентіміз отырады.
Мынау Әуежай вокзалы Адамдар алыс қалаларға бару үшін барады.
Тәрбиеші: Балалар сендерге Астана қаласы ұнады ма
Балалар: Ия, ия
Тәрбиеші: Қане балалар енді Қызылорда қаласына қайтуымыз керек, пуп чик - чик, пуп чик - чик.
Тәрбиеші: Балалар сендер Отан туралы тақпақ, мақал - мәтел білесіңдер ме?
Отан - Әжем
Отан - Анам
Туған жер! деп
Ол бекерге аталмаған (Жансезім)
Төртеуі де «ботам» дейді
«Ер - азамат Отан» дейді
Мақтанамын Отаныммен
Отаныма Ботамын мен (Алтынай)
Отанды біз атамекен
Деп аялап сүйеміз
Өйткені оны мекен еткен
Бабамызбен атамыз (Нұрайым)
Отанды
Жас, кәрімізде
Туған жер деп сүйеміз
Өйткені онда бәрімізде
Туып өмір сүреміз (Аяулым)
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер аялап (Мағжан)
Отан деген - Атамекен
Отан деген - туған жер
Отан - ана
Отан - үлкен
Қазақстан - туған ел! (Ақнұр)
Отан менің ата - анам
Отан досым бауырым
Отан өлкем Астанам
Отан туған ауылым (Диана)
Мақал - мәтел
«Отан - отбасынан басталады»
«Отан қадіріне жетпеген
Өз қадіріне жетпес» (Айбын)
«Отан - елдің анасы
Ел - ердің анасы» (Миржан)
«Отан оттан да ыстық
Жалыны бар шоқтан да ыстық» (Ерхан)
«Отансыздың оты да жанбайды»(Махан)
Тәрбиеші: Балалар рәміздерге не жатады?
Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран
Тәрбиеші: Тудың түсі қандай
Балалар: Көгілдір, күннің көзі бар және қыран бүркіт бар.
Балалар өте жақсы. Біз шаршап қалған сияқтымыз біздің ару қыздарымыз Шаңырақ биін билеп берсін.
Сергіту сәті:
Қорытынды: Сабақта алған білімдерін пысықтайды.
Сұрақтар:
1. Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
3. Біздің елордамыз қай қала?
Әнұран
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабағымыз аяқталды.
Күтілетін нәтиже: Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау керектігін түсінуі.
Білуі тиіс: Отанын, ата-мекенін ардақтау керектігін.
Түсінігі: өз Отанын мақтан ету.
Көрсете білуі: салған суреттері бойынша әңгімелеу.