Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бір уыс тұз

Бір үйге қонақ келіп отыр екен. Бәйбіше қазан көтеріп, ет салады. Әлгі үйдің адамдары құмырсқадай қыбырлап бірі кіріп, бірі шығып жатады.  Қонақ қазықтай қағылып тапжылмастан отыра береді. Қазан қайнаған кезде бәйбіше келіп, қазанға бір уыс тұз салып кетеді. Одан кейін тоқал  келіп тағы бір уыс тұз салып, ол да шығып кетеді. Ең соңынан келіні келіп, Қазанның қақпағын ашып көреді де, көбігін қалқып тастап, бір уыс тұз салып, ол да шығып кетеді. Қонақ бұлардың барлығын таңырқап көріп, байқап отырады да, үй иелері шығып кеткен кезде ол да қазанға бір  уыс тұз салып қояды.

Үй адамдары жиналып асты түсіріп, алдына ала бергенде, бәйбіше тамақтың дәмін татса, удай ащы екен.

— Ибай-ай. Мынаған не болған, удай ғой. Мен бір-ақ уыс тұз салып ем ғой! — дейді.

— Шешей-ау, сіз салмаған шығар деп менде бір уыс тұз салғанмын, — дейді тоқал.

— Сіздер ұмытқан шығар деп мен де бір уыс тұз салып едім, — дейді келіні.

Сол кезде қонақ отырып:

— Бұл үйдің кісі басы бір уыс тұз салу әдеті шығар деп, мен де бір уыс тұз салып едім, — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама