Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Бірәлінің сөзден тосылуы

Торғай өңірінде атақты жылқылы бай атанған Бірәлі жолаушылап келе жатып, Сейдахмет шешеннің үйіне түсіпті. Шешен оған өз әлінше құрмет көрсетсе керек. Бай аттанарында:

— Сейдеке, сыйыңызға рахмет! Балаларыңыз да тәрбиелі екен. Осындай балдырғандардың ауызын аққа жарытпай қойған Алланың рақымсыздығын көрмеймісіз, — деп ақынның кедейлігін бетіне салық етпек болып, аяушылық білдіргенсиді.

Сонда Сейдахмет:

— Бірәлі, шырағым-ай! Осы қара борбайларға сауын болатын біраз бие айдатып жіберіп, Құдайды да бір ұялтсаңшы, — деген екен.

Сөзден тосылған бай еліне барған соң, шешенге сауындық бие жіберіпті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама