Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Бармақ құны

Ертеде Есіл бойындағы Бағаналы елінде Бәшпен деген кісі өтіпті. Бәшпен шатақ іздеп жүретін, сөзден де тосылмайтын өжет кісі болса керек. Бірде көшеде келе жатып, дауласып тұрған екі адамды көреді де, келе сала сөзге келместен біреуін жұдырықтай жөнеледі. Бұл жанжалдың соңы үлкен төбелеске айналып, Бәшекең топырлаған көптің ішінде біреудің бармағын шайнап тастайды.

Төбелес тоқтап, жұрт тарасқан соң Бәшекең үйіне үлкен бір іс тындырғандай, терлеп-тепшіп шай ішіп отырады. Осы кезде үйге бір топ адам кіріп келеді. Келгендер жағаласып отырған соң Бәшекең жөн сұрапты. Сонда олар:

— Бәшеке, сіз манағы төбелесте бәленшекеңнің бармағын шайнап тастапсыз. Соның құнын сұрай келдік, — депті.

Сонда Бәшпен кездігін қынынан суырып алып:

— Олай болса құнын төлеймін, бірақ бармақты кесіп алып қаламын. Өйткені құны төленген бармақ иесін табуы керек, — депті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама