Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Біреу әкеңді сұраса, берер ме едің?

Шыңғыстың баласы атқұмар Жақып төре Ақан аулына қайта-қайта келіп, Құлагерді сұрай беріпті. Ол тіпті мазалап болмаған соң Ақан:

— Ақындықпен Орынбайдың даңқы шықты. Аға сұлтандықпен әкеңнің даңқы шықты. Жүйріктікпен Құлагердің даңқы шықты. Осы сөзімді үлкен  төреге айт. Содан соң Құлагерді ал, — депті.

Кіші төре қуанып күліп, әкесіне Ақанның сөзін айтады.

— Ой, ақылсыз балам-ай! Бұл Ақанның: «Құлагер мал да болса, аға сұлтан әкеңмен парапар» деген сөзі емес пе? Біреу әкеңді сұраса, берер ме едің? — депті Шыңғыс.

Осыдан кейін кіші төре Ақан аулының маңайына жоламайтын болыпты.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама