- 05 қар. 2019 00:00
- 293
Жүз қырық, жүз қырық
Біреудің соғымға сойылғалы отырған ту сиыры жоғалып кетіпті. Іздеп жүріп иесі жемтігінің үстіне түсіпті. Үйіне келгенде әйелі:
— Сиыр табылды ма? — дегенде, ері:
— Сиырды қасқыр қатырыпты, жемтігінде көп құс қонақ болып жатыпты, мені көрген соң қарға-құзғын:
— «Жүз қырық, жүз қырық» деп баға кесіп еді. Сауысқан: «әттеген-ай, асырып айттың, жоқ болмайды» деп быжалақ қақты, олардың көңілін қимай «қалғанын сендер жеп-ақ той, пәленбай енді басқадан соғым тауып сой», — деп жүріп кеттім, — депті.