tengrinews.kz
- 06 сәу. 2026 13:30
- 35
Блогерді 15 миллион теңге бопсалады: Қостанай соты үкім шығарды
Қарабалықтық блогерге қатысты аса ірі мөлшерде бопсалау ісі бойынша Қостанайдағы мамандандырылған сот үкім шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Не болды?
Қарабалық құс фабрикасы туралы жазбалары үшін блогер М. С. сотқа тартылды. Іс материалдарына сәйкес, ол кәсіпорындағы санитарлық нормалардың бұзылуы туралы жарияланымдарын тоқтату үшін кәсіпорыннан 20 миллион теңге бопсалаған. Бұған дейін фабрика бұл үшін бірнеше рет айыппұл төлеген болатын.
Тергеу нұсқасы бойынша, блогер құс фабрикасының заңгерімен келісіп, түнде оның үйінің қоршауы арқылы 15 миллион теңге алған.
Прокурор блогерге 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Өзі кінәсін мойындамады.
Сот үкімі
Бүгін Қостанайдағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында блогерге аса ірі мөлшерде бопсалау фактісі бойынша үкім оқылды.
«Сот Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», - деп үкімді судья Әделя Хасенова оқыды.
Блогердің мүддесін сотта құқық қорғаушылар қорғады. Олар М. С.-тің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жоқ екенін, істі жалған деп санайтындарын айтады. Олардың айтуынша, сотта қоршау арқылы лақтырылған ақша ұсынылмаған, ал тінту санкциясыз жүргізілген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін блогерден 15 миллион теңге тәркіленгені туралы хабарланған болатын.