Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 минут бұрын)
Ресейлік бизнес Қазақстаннан неге жаппай кетіп жатыр? Себебі табылды

Соңғы жылдары Қазақстаннан ресейлік компаниялардың кетуі байқалады. Мәскеудегі қаржы сарапшылары мұны нарықтың тазаруы деп есептейді. Олардың айтуынша, Украинадағы соғыс басталғаннан кейін Қазақстанда көптеген ресейлік «бір күндік» фирмалар пайда болған, олардың көбі қазір жабылып жатыр.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нарықтың «сауығуы»

Статистикаға сүйенсек, соңғы жылы Қазақстанда ресейлік қатысуы бар компаниялардың саны 6%-ға азайған. Ал Қытай мен Өзбекстаннан келген компаниялардың саны сәйкесінше 55% және 43%-ға өскен.

Қаржы сарапшысы Никита Волков бұл жағдайды «табиғи ротация» деп атады. Оның айтуынша, ресейлік капитал Қазақстанда «газ тәрізді хаостан қатты құрылымға» ауысып жатыр.

Ресми деректер

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл Қазақстанда ресейлік үлесі бар компаниялардың саны 131-ге азайып, 17,2 мыңға жеткен. Сондай-ақ, Украинадан (5-ке азайып, 904-ке дейін), Армениядан (5-ке азайып, 300-ге дейін), Оңтүстік Кореядан (3-ке азайып, 548-ге дейін) келген бизнес өкілдерінің саны да кеміген. Алайда, Өзбекстаннан (+7,5%, 7 мыңға дейін) және Қытайдан (+7,4%, 6,8 мыңға дейін) келген ұйымдардың саны айтарлықтай артқан.

Жаңалықтар

Жарнама