Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Болымды болымсыз етістіктер
Сабақ тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік.
Сабақтың мақсаты: Етістіктердің мағыналары жағынан болымды, болымсыз болып бөлінетінін түсіндіру, болымсыз етістіктердің – ма, - ме, - ба,- бе,- па,- пе жұрнақтарымен таныстыру.
Сабақ барысы:
УақытыМұғалімнің іс - әрекетіОқушының іс - әрекетіҚажетті ресурстар, қолданылатын құралдар
Кіріспе
Қызығушылықты ояту.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.
Үй тапсырамасын пысықтау.
«Пресс - конференция» дидактикалық ойынының шартын түсіндіреді.
Ойынның шарты: тақта алдына үш орындыққа етістікті зерттеп жүрген «ғалымдар» отырады. Қалған оқушылар «журналистер» болады. «Журналистер» «Ғалымдарға» сұрақтар қояды.
Мұғалім «жетекші ғалым» ретінде жауаптарды толықтарады.
Оқушылардың бірі санамақты айтып, оқушыларды рет бойынша қолымен көрсетіп, меңзеп отырады:
Қуыр - қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ, Балалы үйрек, Ортан терек, Шүлдір шүмек, Кішкене бөбек!
Бұл санамақты бірнеше рет қайталайды.
Оқушылар бес топқа бөлініп, топтар саусақтар бойынша аталады: «Бас бармақ» тобы, «Балалы үйрек» тобы, «Ортан терек» тобы, «Шүлдір шүмек» тобы, «Кішкене бөбек» тобы.
Оқушылар сұрақтар қояды.
Тақта алдына үш орындыққа етістікті зерттеп жүрген «ғалымдар» отырады. Қалған оқушылар «журналистер» болады. «Журналистер» «Ғалымдарға» төмендегі үлгі бойынша сұрақтар қояды:
  • Етістік дегеніміз не?
  • Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
  • Дара, күрделі етістіктер туралы не айтасыз?
«Ғалымдар» мысал келтіре отырып, жауап береді.
Үстел
интербелсенді тақта.
Слайд

ТаныстырылымЕтістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуі туралы ережемен таныстырады. (Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді. Болымсыз етістік болымды етістікке – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: бар – барма, айт – айтпа, кел – келме.)Ережені пысықтап, мысалдар келтіреді.Слайд
Негізгі бөлім
Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс.
Тапсырма беріп, қадағалап, бағыт, бағдар береді.
Тыйым сөздердің маңызы, тәрбиелік мәніне тоқталады
Топтар тапсырмаларды «Дөңгелек үстел» әдісімен талқылай отырып, орындайды.
(Барлық топ) 1 - жаттығудағы берілген етістіктерге – ма,- ме,- ба,- бе,- па,- пе жұрнақтарын жалғап жазады. Сөздердің мағыналары қалай өзгергенін айтады. Бірнеше сөйлем құрастырып жазады.
(1 - 2 топтар) 2 - жаттығудағы сөйлемдерді оқып шығады, ішінен тыйым салынған сөздерді көшіріп жазады. – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану
(3 - 4 топтар) 3 - жаттығудағы 5 - топ: 4 - жаттығу
өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңнен болымды етістіктерді бір бөлек, болымсыз етістіктерді бір бөлек көшіріп жазады. Болымсыз етістіктердің қалай жасалып тұрғанын айтады.
Оқулық.
Сергіту сәті Мұғалім ойыншықты оқушыға болымды етістік айтып лақтырады.Ойыншықты қағып алған оқушы болымсызға айналдырып айтып, қайтарады.Ойынщық
Қорытынды
Ойтолғаныс.
Үйге тапсырма
Әр топқа бірнеше болымды етістікті болымсыз етістікке айналдаруды тапсырады, тапсырманы постерде жазып, қорғауды, бір - бірін тексеріп, бағалауды ұсынады.
Шығармашылық жұмыстарда, оқушылардың жауаптарын талдау кезінде әр топтың жұмысында кім белсенділік көрсеткенін сұрайды.
60 беттегі 6 - жаттығуды беріп, қалай орындау керектігін түсіндіреді.
«Сөздер банкі» әдісімен болымды және болымсыз етістіктерді ажыратады.
Топтар бірі - бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды.
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Кері байланысты «Таңдау» тәсілімен жазады.
Постер,
маркер.
Күнделік

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама