Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Болымсыздық, белгісіздік есімдіктері
Сабақтың тақырыбы: Болымсыздық, белгісіздік есімдіктері (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Белгісіздік, болымсыздық есімдіктері жайлы кеңінен түсінік беру, ерекшеліктерін таныстыру, таныту.
ә) дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін дамыту, сөздік қорларын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
б) тәрбиелік; Оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: миға шабуыл, талдау, ребус құрау, сұрақ - жауап, сөзжұмбақ шешу
Сабақтың көрнекілігі: бағалау парақтары, үлестірмелі парақшалар, интерактивті тақта. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. түгелдеу.
3. Үш топқа бөлу
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1. «миға шабуыл»
2. Сатылай кешенді талдау
3. Тест тапсырмалары
III. Жаңа сабақ
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Болымсыздық, белгісіздік есімдіктері» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Болымсыздық есімдігі: ештеңе, ештеме, ешбір, ешқашан, ешқандай, ешқайдан, ешқайда, ешқайсысы, дәнеңе, дәнеме, т. б. Болымсыздық есімдіктерінің ешкім, ешқайсысы, дәнеңе, ештеңе дегендері зат есімнің орнына, ешқашан, ешқайда, ешқайдан дегендері үстеу немесе мезгілдік, мекендік мағынаны білдіретін сөздердің орнына жұмсалады. Мысалы: Бүл жерде ешкім сырымды білмейді, айтып нетейін? деген сөйлемде ешкім деген болымсыздық есімдігі кім? (білмейді)? деген сұраққа жауап беріп, адам мәнінде қолданылған, сөйлемде бастауыш болып түр.
Болымсыздық есімдіктері көбінесе еш сөзі мен бір, кім, қашан, қандай, қайдан, қайсысы тәрізді есімдіктердің бірігуі арқылы жасалған. Сондықтан да олар бірігіп жазылады. Ал еш сөзі басқа сөздермен (зат есімдермен) тіркесіп, бөлек жазылады. Мысалы: Сенен басқа еш жерден Таба алмадым орнымды (Абай).
Белгісіздік есімдігіне біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне, әлдекім, әлдене, кімде - кім, бір, қайсыбір, кейбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқайдан, әрқашан деген сөздер жатады. Белгісіздік есімдіктерінің мынадай ерекшеліктері бар:
Әлде, эр, кей, қай, бір сөздері басқа есімдіктермен (біреу, кім, не, бір, қашан, қалай,
қайда, т. б.) тіркескенде, бірге жазылады да, басқа сөз таптарымен (мысалы, зат есіммен) тіркескенде, бөлек жазылады. Белгісіздік есімдігі.
Затты, сындық белгіні, сан - мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсету мәнін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады. Мысалы: Бұндайды біреу күшін, біреу түсін (Абай). Бұл сөйлемдегі біреу есімдігі «белгісіз бір адам» деген мағынада қолданылған.
Слайд бойынша түсіндіремін

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын.
IV. Оқулықпен жұмыс 203 - жаттығу. Мәтінді оқып, есімдіктерді мағыналық түріне қарай ажырату
V. Ребус құрау 3 топ ребус құрайды.
205 - жаттығу Өлең шумақтарын мәнерлеп оқу. Белгісіздік есімдіктерін қатыстыра отырып сөйлем құрату.
VI. Есімдіктерді септеу
3 топ «Ешкім»,«Әркім», «Кейбіреу»есімдіктерін септейді
VII. Сөзжұмбақ шешу
VIII. Сабақты қорыту
IX. Үйге тапсырма: 206 - жаттығу тақырыпты оқу, анықтама жаттау
Бағалау: Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама