- 05 нау. 2024 04:16
- 161
Бос уақытты тиімді пайдалану
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Бос уақыт және хобби
Сабақтың тақырыбы: Бос уақытты тиімді пайдалану (1 - сағат)
Сабақтың мақсаттары: 1. Мәтінді түсініп, тақырып бойынша негізгі сұрақтарға жауап береді.
Мәтінге сай хабарландыру құрастырып жазады.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселе бойынша өз ойларын білдіреді.
Жанрлық ерекшелігіне сай, хабарландыру құрастырып жазады.
3. Мәтінде көтерілген мәселе бойынша күрделі сұрақтар құрастырады, өз пікірін білдіре отырып, оны өмірмен байланыстыра алады.
Жанрлық ерекшелігіне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хабарландыру құрастырып жазады.
Басталуы 7 мин
Ширату
«Сиқырлы сандықша»
Мақсаты: Бүгінгі сабақтың тақырыбын табуға ой тастау.
- Қымбатты, оқушылар, менің қолымда тұрған сандықшаның ішінде құпия зат жасырылған. Ол қандай зат екенін анықтау үшін маған бірнеше сұрақ қоясыздар. Мен сіздердің сұрақтарыңызға тек "иә", "жоқ" деп жауап беремін.
Дұрыс - ақ, сіздер, сандықша ішіндегі сағатты таптыңыздар. Қалай ойлайсыздар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы не болуы мүмкін?
«Пазл» әдісі арқылы топқа бөлу.
Тыңдалым алдындағы тапсырма
1 - тапсырма
«Топтастыру» әдісі
Жұмыс түрі: СЖ (сыныптық жұмыс)
Жетекші сұрақтар:
1. Бос уақытыңызда не істейсіз?
2. Қандай пайдалы іспен шұғылданасыз?
Жақсы балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Мен бос уақытымды қалай өткіземін?»
Дескриптор:
1. Сұраққа нақты жауап береді.
2. Көтерілген мәселе бойынша өз ойларын білдіреді.
Саралау жұмысы:
"Диалог және қолдау көрсету" арқылы сұрақтарға жауап беруге қиналған оқушыларға түрткі сұрақтар беріп, әңгімеге тартып жетелеп отырамын және сөзбен қолдап, ынталандырамын.
ҚБ: мұғалімнің мадақтау сөздері
Ортасы 25 мин
Тыңдалым кезіндегі тапсырма.
Аудиожазбадан мәтінді тыңдайды.
Мен бос уақытымды қалай өткіземін?
Менің бос уақытым өте аз. Аптаның алты күнінде сабақ оқимын. Күз мезгілінде жексенбі күні отбасымызбен серуендеуге шығамыз, табиғат аясында демаламыз.
Қыс мезгілінде таңертеңгі астан соң шаңғы тебуге шығамын. Мен шаңғыны үйімнің жанындағы саябақта тебемін. Саябаққа мектептің жоғарғы сынып оқушылары көп жүреді.
Көктем мен жазда демалысымды таза ауда өткіземін. Сенбі күні кешке қала сыртындағы саяжайға кетеміз. Онда үйдің жанында өзен бар, әкем екеуміз үнемі балық аулайтын орнымыз. Өзеннің қос жағалауында тоғай бар, мен апаммен сонда барып саңырауқұлақ, жидек теремін. Егер көшеде жаңбыр жауып тұрса, мен үйден шықпай кітап оқып, теледидар көремін. Мен өзімнің демалыс күнімді қызықты өткізгенді ұнатамын.
БҚО, Орал қаласы,
Хиуаз Доспанова атындағы № 30 ЖОББМ
Мұғалімнің аты-жөні: Кабдолова Айымгул Ертаевна
Бос уақытты тиімді пайдалану. жүктеу