Бүлдірген түрлерін егу және олардан өнім алу
Сорттарды іріктеп алу
Учаскені реттеу алдында сорттарды іріктеп алудың зор маңызы бар. Бұл үшін ең алдымен әрбір ауданға лайықты стандартты сортты іріктеп алу шарт. Әрбір шаруашылықта түрлі мерзімде пісетін сорттарды еккен жөн. Төменде Қазақстанның түрлі аудандары үшін ұсынылатын қолайлы аса маңызды сорттардың тізімі келтіріледі.
Қызылорда, Шымкент және Жамбыл облыстары үшін — Узбекистанская, Луиза, Урожайная, Луи-Готье, Қох.
Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстары үшін — Героиня Маншук, Комсомолка, Любовь Поволжья, Новинка, Память Шредера, Ташкентская, Луи-Готье, Қох, Луиза, Саксонка, Юльке, поздняя Леопольдсгальская.
Солтүстік-Шығыс, Орталық және Батыс Казақстан облыстары үшін — Рощинская, Аэлита, Любовь Поволжья, Қох, Виктория, Луиза, Комсомолка.
Аса маңызды сорттардың қысқаша сипаттамасы, Урожайная. Бұл сорт Алматы облысында кеңінен тараған. Соңғы кезде республиканың басқа облыстарында да тез тарала бастады. Бұл сорттың ерекшелігі — күтімді оншалықты көп керек етпейді және өте мол өнім береді (гектарына 13-15 тоннаға дейін). Жидегінің ірілігі орташа, формасы дөңгелек, түсі көрікті болып келеді. Пісу мерзімі орташа, өңдеп те пайдаланады және жаңадан жиналып алынған кезде де тұтынады.
Луиза. Казақ ССР-нің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде көп тараған сорт. Бұл сорттың ерекшелігі - түсі әдемі, жидегі ірі, өте дәмді, тасымалға жарамды болады. Түсімі орташа (гектарына 8 тонна). Жидек шығатын ұштары көп болады. Бітік шықса нашар өседі. Бұл сорт күтімді, топырақта көптеген қоректік заттар болуын керек етеді.
Комсомолка. Бұл сорт аз уақыттың ішінде Совет Одағының көптеген облыстарында кеңінен тарады. Оның ерекшелігі - түсімі өте мол (гектарына 20 тоннадан аса) болады. Жидегі ірі, қоңыр қызыл түсті, одемі келеді, пісу мерзімі орташа. Өңдеу үшін өте қолайлы, сонымен бірге жаңадан жинап алған кезде тұтынуға да болады. Бұл сорттың тағы бір ерекшелігі - гүлінің түсі өте нәзік келеді. Сондықтан Комсомолка сортын тозаңдандырғыш сортымен (Рощинская, Саксонка, тағы басқа сорттармен) араластырып егу қажет.
Героиня Маншук. Жидегінің сапасы жақсы және мол онімді болуына байланысты, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына кең тарағаң және мұндағы негізгі сорттардың қатарына енеді.
Бұталары орташа, жинақы, жапырақтары тік тұрады, түсі ашық жасыл. Гүл сидамы қысқа, жапырақ деңгейінен төмен өте берік, сондықтан жидектерінің бәрі бірдей топыраққа түсіп жатпанды. Жидектері ертерек — маусымның бірінші он күндігінде пісе бастайды. Пісіп жетілу 25-30 күнге созылады. Өнімді мол береді.
Жидектерінің ірілігі орташа 5 г, мойыны жоқ, жалпақ сына тәрізді, ашық қызыл. Жұмсағы тығыз, қызғылт, хош иісті, онша сулы емес, дәмді. Жас күйінде желінеді, өңделеді. Басқа сорттарға қарағанда бұл тасуға төзімді.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шымкент облыстарының барлык, аймақтарында өсіруге ұсынылады.
Любовь Поволжья. Бұтасының жапырағы өте жиі. Маусымның бірінші он күнінде піседі.
Жидектерінің ірілігі орташа 5 г, ашық қызыл, бір жағы шошақ келген домалақ. Дәмділігі орташа. Жас күйінде желінеді және техникалық қайта өндеуге жұмсалады. Орал облысында есіруге ұсынылады.
Ташкентская. Жидегі кештеу — маусымның екінші оныншы күнінде піседі, жеміс салуы 18-24 күн.
Алматы облысында өнімді мол береді. Жидегі ірі 7-8 г, айқың қызыл, дәмі қышқылтым-тәтті, сапасы орташа. Негізінен өңдеуге жұмсалады. Алматы, Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстарында ұсынылады.
Узбекистанская. Қазақстанның оңтүстігінде тараған. Бұтасы биік өседі, аздап салбыраңқы. Жапырақтары ірі, қыртысты. Алғашқы жидектері маусымның екінші он күндігінің басында піседі. Жеміс салуының ұзақтығы 22 күн.
Жидектері ірі 8-9 г, шошақ немесе топал шошақ пішінді, бүйірлі, айқын қызыл, жылтыр. Жұмсағы қызыл, сулы, булы. Дәмі жақсы. Жас күйінде жейді және өңдеп те пайдаланады. Шымкеңт, Алматы, Жамбыл облыстарының оңтүстік аймақтарына ұсынылады.
Зенга-Зенгана. Жидегі сапасының жақсы және мол өнімді болуына байланысты. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына кең тарады және мұндағы негізгі сорттардың қатарына енеді. Орташа, кеш пісетін сорт. Бұталары биік, жинақы жапырақтары жиі болады, түсі ашық қызыл. Бұл сидамы орташа, жапырақ деңгейінен төмен өте берік, сондықтан жидектерінің бәрі бірдей топыраққа түсіп жатпайды. Десерттік компот жасауға және жас күйінде пайдаланады. Басқа сорттарға қарағанда бұл тасуга төзімді. Сеянец Зигер ФРГ-дан шығарылған сорт. Өнімі кг/м2 шамамен 0,96-1 кг. Гүлі қос жынысты.
Өнімді жинау
Бүлдірген жидегі бірден ғана жиылмайды, пісуіне қарай бірте-бірте жиналады. 7-8 рет жинауға болады.
Жидегі оншалықты берік болмайтын Кох, Луи-Готье сияқты сорттардың жидегін күн аралатып жинауға болады, ал Луиза, Саксонка, Казахстанская сияқты сорттардың жидегі 4-5 күнде бір рет жиналады. Жидекті оның түбіндегі тостағанша көк жапырағы мен және ұзындығы бір сантиметрге жуық сабағымен бірге жинау керек.
Бүлдірген жинаған кезде учаскедегі барлық шіріген және зияндалған жидектердің барлығы да түгелдей жиналып алынады. Жиналған бүлдіргенді сол күні, әрі кегкенде келесі күні пайдалану керек. Жинап алған бүлдіргенді бір ыдыстан екінші ыдысқа ауыстыруға болмайды, сонымен қатар күн көзіне ұзақ уақыт қалдыруға да болмайды. Өйткені күн көзіне қалдырған бүлдірген тез бұзылып кетеді.
Бүлдірген егілген учаскені жасарту
Бүлдірген бұтатасы жылма-жыл өсумен бірге топырақ бетіне жайылып қобырайды, соның нәтижесінде өсімдіктің қоректенуі нашарлайды. Негізгі түптен жыл сайын жас тамырлардың таралуы жас өсімдіктің өсуін нашарлатады және өнімін кемітеді. Бүлдірген бұтасының әдетте төрт жылдан кейін өнімі кеми бастайды. Учаскенің өнім беруін одан әрі жақсарта беру үшін оның топырағын құнарландыру қажет.
Ескі учаскені жасартудың ең жақсы әдісі мынадай: жидекті жинап алысымен суарып, онан кейін бүлдіргеннің жер бетіндегі бөлігін түбіне дейін шауып, сирету қажет. 2-3 күн өткен соң учаскені тағы да суарады, әр гектарға 90 кг толық минерал тыңайтқыш - азот, фосфор, калий тыңайтқыштарын енгізіп, үстеп қоректендіріледі. Одан әрі күтудің жалпы әдістері қолданылады. Күзге дейін мұндай өсімдік өсіп жетіледі, ал келесі жылы өнім береді. Жасартқаннан кейін учаске екі жыл бойына жақсы өнім береді, оның өнімділігі мөлшермен алғанда 30 процент артады.
Учаскедегі қатарларды ауыстыру арқылы жаңартуға да болады. Бұл үшін қатараралықтарында өсімдік ұштары жұлынады. Бұл әдіс тек 3 жылдан аспаған учаскеде ғана ойдағыдай нәтиже береді, мұндай жерде жеткілікті мөлшерде жақсы өсімдік ұштарын өсіруге болады.
Жоғарыда айтылған комплекстік агротехника шараларын қолдану бүлдіргеннен жыл сайын мол өнім алуға (гектарына 10-13 тоннаға дейін) мүмкіндік береді. Қазақ жеміс-жидек және жүзім ғылыми-зерттеу институты жемістерді сақтау технологиясы бөлімінің плантацияларында, жеке тәжірибе учаскелерінде жақсы сорт жыл сайын гектарына 13-15 тоннаға дейін өнім беріп келеді, ал суарылмайтын таулы жерлерде Луи-Готье сорты кейбір жылдары гектарына 18-20 тоннаға дейін өнім береді.
Ерекшелігі
Бүлдірген өзінің тегі жағынан алғанда орманда шығатын өсімдік, қар қалың жауатын, жазда оншалықты ыстық болмайтын, ылғалды салқын ауалы аймақтарда өседі. Бүлдірген шөп пен ағаштың аралық формасындағы жартылай жатық бағытта, әрдайым көк қалпында болатын көпжылдық өсімдік.
Бүлдіргенді егісімен келесі жылы жидек бере бастайды. Бүлдіргеннің тамыры жерге 40-50 сантиметр тереңге тарайды, бірақ бұлардың негізгі бөлігі 25 сантиметр тереңдікте болады.