Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 59 минут бұрын)
Бумалар мен белгішелер құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу
Сабақтың тақырыбы: Бумалар мен белгішелер құру. Атын өзгерту. Объектілерді іздеу
Сабақтың мақсаты:
Файлдар және қапшықтар туралы толық мағлұмат бере отырып, оқу процесінде қолданбалы тапсырмалар жасауды және алған білімдерін дамытады;;
Міндеттері:
Мазмұнға байланысты міндеті: Оқушыларды файлдар, қапшықтар, таңбашалар
ұғымдарымен таныса отырып, олармен жұмыс істеу әдіс - тәсілдерін меңгереді;
СТО – ға байланысты міндеті: Шапшаңдыққа, жұмысты жүйелі жасауға, жасаған іс - әрекетті нақты жеткізе білуге және компьютерді еркін меңгеруге үйренеді, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.
Әрекетке байланысты міндеті: Жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ой - өрісін дамыту, «білсем» деген дағдыларын қалыптастырып, қызығушылығын арттырады. Оқушылар топта жұмыс жасайтын болады.
Сабақ түрі: дамытпалы
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс - тәсілдері: практикалық жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ - жауап
Пәнаралық байланыс: Математика, физика.
Көрнекі құралдар: демонстрациялық көрсетілім, тест, тапсырмалар, бетшелер
Сабақтың барысы: 1. Оқушыларды ұйымдастыру
а) сәлемдесу, түгелдеу
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

Компьютердің негізгі құрылғылары
Енгізу және шығару құрылғылары
Пернетақта туралы сөзжұмбақты шешу
Семантикалық картаны толтыру

Жаңа сабақ
Қапшықтар (бумалар) - бұл кандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқанда, қапшық - бұл аты аталған файлдар тобы. Windows'98 - дің қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық деңгейде қапшықты кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады. Windows'98 - дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.
Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Қапшықтарда таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мүмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткілікті.
Қапшықтар екі түрде болады:
кәдімгі қапшық - каталогтар;
арнайы қапшыктар (Менің компьютерім, себет, принтерлер және т. б.)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама