Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Тұрлаулы мен Тұрлаусыз
Тұрлаулы мен Тұрлаусыз
Ертеде Тұрлаулы және Тұрлаусыз деп аталатын екі адам болыпты. Олар бір - бірімен қас екен. Бірде сөйлем мүшелерінің басты мүшесін тағайындауға жиналыс болып, Тұрлаулы ұшаққа билет сатып алыпты. Тұрлаусыз да жиналысқа аттанады. Бірақ жолда ұшақ бұзылып, жерге қонады. Тұрлаулыға жиналысқа жаяу баруға тура келеді. Тұрлаулы жолда көп қиындық көреді. Ол бір ағаштың тасасына отырып, ұйықтап кетеді. Осы кезде басына жаңғақ түсіп оянады. Қараса, тал үстінде бір адам отыр. Ол Тұрлаулыға күліп қарап, жерге түседі. Олар танысады. Ол Бастауыш екен. Ол да жиналысқа бара жатырғандықтан, екеуі бірге жол жүреді. Жолда олар Баяндауышты көреді. Екі серігіне сеніп, Тұрлаулы саяхатын жалғастырады. Сөйтіп олар жиналысқа жетеді. Жиналыс ғимаратында олар Толықтауыш, Пысықтауыш, Анықтауыш деген үш серігі бар Тұрлаусызды көреді. Шаршап, ашыққан Тұрлаулы мен серіктерін көрген Тұрлаусыз күліп: «Біз жеңеміз себебі, көппіз әрі мықтымыз,» - депті. Бірақ Тұрлаулы серіктеріне сенеді. Олар жиналысқа кіреді. Жиналыста Тұрлаулылар сенімділігімен, тапқырлығымен, ұтқырлығымен жеңіске жетеді. Ал, Тұрлаусыз жеңіліп, Тұрлаулының көлеңкесінде жүреді. Осылайша, басты мүше - Тұрлаулы, оның оң қолы - Баяндауыш, сол қолы - Бастауыш болып сайланады.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Жалау Мыңбаев атындағы мектеп - гимназиясының
8 - сынып оқушысы Советова Меруерт

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама