Менің аяулы ұстазым
Менің аяулы ұстазым
(Сыр - сұхбат)
Менің аяулы ұстазым
Ұстаз – мәртебелі мамандық. "Ұстаз болу – жүректің батырлығы" дейді. Менің аяулы ұстаздарымның бірі - өзім сүйіп оқитын математика пәнінің ардагер ұстазы Ғұбайдуллина Дариға апайыммен әңгімелесе отырып, сыр тарқатып көрген едім.
- Дариға апай, алдымен өзіңіздің туып өскен ортаңыз, ата - анаңыз, оқыған мектебіңіз, оқу орныңыз туралы айтып өтсеңіз деп едім...
- Мен Гурьев облысы Мәмбет ауыл советіне қатысты Нарын құмында 1938 жылы 1 желтоқсанда дүниеге келдім. Әкем балықшы болды. Ол 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, қаза тапты. Анам колхоз - совхоздарда әртүрлі жұмыстар атқарды. Басында мектеп болмады, сөйтіп, қазақ үйде колхозшылардың балалары сауат ашуға келдік. Содан кейін әртүрлі мектептерде оқи жүріп, Мұханғазы Сиранов атындағы орта мектепті 1957 жылы бітірдім. Орта мектепті пансионатта жатып оқыдым. Пансионат - әкесі соғыста қаза тапқан жартылай жетім балаларға арналған мектеп - интернат болатын. Орта мектепті бітіріп, 1957 - 1958 оқу жылында Гурьев педагогикалық институтына оқуға түстім. 1963 жылы осы институтты физика және математика пәндерінің мамандығы бойынша бітіріп шықтым. - Ұстаз болған оңай ма? Осы жұмыс есіңізге түскенде көз алдыңызға алдымен не елестейді?
- Ұстаз болу оңай, егер мұғалім мамандығын өте жақсы сүйетін, меңгерген, методикалық жағынан шебер, теориялық деңгейі жоғары болса, баламен жұмыс жасау өте қызықты. Қиын, егер теориялық білімі жеткіліксіз, методикалық шеберлігі онша емес, оқушыны жақсы көрмейтін болса, онда мұғалім өзін де, оқытқан оқушысын да толық жетістікке жеткізе алмайды.
Сөз жоқ, мұғалімге алдымен мектеп пен шәкірт, оның ішінде жақсы оқыған шәкірттері елестейді.
- Мектепте сүйіп оқыған пәніңіз?
- Мен мектепте қазақ әдебиетін, математиканы, химияны, физиканы, географияны өте жақсы оқыдым. Химия пәнін таңдап, дәрігер болғым келген, бірақ адам көптігінен, конкурстың жоғарылығынан түсе алмадым.
Географиядан ол кезде факультатив болмады. Қазақ әдебиетін жақсы көрдім, бірақ қазақ тілге жақсы болмадым. Математиканы өте қатты сүйіп оқыдым. Таңдаған себебім де осы.
- Өзіңіздің ұстаздарыңыз жөнінде айта кетсеңіз
- Мен бітірген орта мектепте математика пәнінен сабақ беретін Насирова Зәуреш деген апай болды. Білімі жоғары, қарапайым, баламен жұмыс жасай білетін, баланы өзіне баули білетін мұғалім еді. Сосын химия пәнінен сабақ беретін Аймақов Асқар деген мұғалім болды. Өте керемет ұстаздар болатын.
- Алғашқы ұстаздық жылдарыңыз қиын болды ма?
- Алғашқы ұстаздық жолым оңай болды деп айта алмаймын. Себебі, мен Гурьев облыстық білім басқармасының жолдамасымен Форт - Шевченко қаласына қарасты Баутино поселкесіндегі А. Е. Баутино мектебіне 8 жылға мұғалім болып келдім. Сол кездегі мектептің директоры Ізбасов Кәрлен. Оқу ісінің меңгерушісі, әрі орынбасары Әділханов Иса. Осы кісілердің көп қамқорлығын көрдім. Директордың өзі математика пәні мұғалімі болғандықтан, мұғалімдік еңбек жолымның қалыптасуына үлкен көмегін тигізді. Баутино мектебінде 1963 - 1968 жылдар аралығында физика және математика пәндерінің мұғалімі болып істедім. 1968 - 1973 жылдары осы мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқардым. 1973 - 2000 жылдар арасында А. Е. Баутино атындағы орта мектептің директорлық қызметін атқардым. Осылай өзім еңбек жолымды бастаған мектепте 32 жыл басшылық жасадым. 2000 жылдан осы кезге дейін осы Жалау Мыңбаев мектебінің математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасап келемін.
- Бұрынғы оқушылармен қазіргі оқушылардың айырмашылығы барма?
- Айырмашылық адамда емес, айырмашылық мектеп бағдарламасында. Бұрынғы бағдарламамен салыстырғандағы қазіргі мектеп бағдарламасы оқушы үшін ауыр деп есептеймін. Оқушылар қай кезде де тиянақты, сапалы білім алуғы ұмтылады. Сондықтан оқи алмайтын оқушы болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болуы мүмкін деп ойлаймын.
- «Арман – адам қанаты» дейді, арманыңыз қандай?
- Армандамайтын адам болмайды. Арман - тілегім жанұямның амандығы, оқытқан шәкірттерімнің өмірде орындарын тауып, өте жақсы мамандар болуын тілеймін.
- Қиындығы мен қызығы бірге жүретін осы жұмыс уақтында басыңыздан өткен қызықты жайттардың бірін айтып кетеңіз
- Жұмыс болғасын қиындығы мен қызғы бірге жүреді. 50 жыл бала оқытқан уақыттарымда қызықты да, қиын да жағдайларды басымнан өткердім. Жалпы, қызықты жайлар өте көп. Қазір есіме түсіп отырғаны:
Бір күні институтта Сәбит Мұқанов өзінің «Мөлдір махаббат» романының желісінде студенттермен кездесу өткізді. Студенттер сұрақтарын қойып жатыр. «Бәтес деген кім?» «Бүркіт қайда?» т. с. с. Бұл романды Сәбит Мұқанов өзінің әйелі Мәриям Хакімжанқызына арнап жазған екен. Сол кезде ол кісінің бір берген жауабы бізге қызық болып көрінді. «Бүркіт те, Бәтес те, студент жодастар, сіздердің араларыңызда» деп айтқаны бар сонда.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.