Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Биыл 410 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды

Биыл жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 410 мыңнан астам бала келеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатнда ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мәлім етті.

«Биыл бірінші сыныпқа 410 мыңнан астам бала келеді деп күтілуде. Барлық облыстарда ақпараттық түсіндіру жұмыстары, мектептердің дайындығын бойынша мәліметтерді жинақтау аяқталуды. Бүгінде мектептер дайын. Сонымен қатар қазіргі кезде ұстаздарды, оқулықтарды даярлау шаралары жүріп жатыр», - деді департамент басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде білім заңнамасына сәйкес, тамыздың ортасына қарай барлық мектептерге оқулықтар жеткізіледі. Осы ретте тиісті келісімшарттар бекітілген көрінеді.

«Білім және ғылым министрі онлайн режімде барлық ата-аналар комитетінің төрағаларымен пікір алмасулар өткізді. Қазір айына бір рет осындай кездесулер өткізу туралы ұсыныстар түсіп жатыр», - деді Ж. Жонтаева.

Бұдан бөлек, департамент директоры бірінші сыныпқа қабылданатын бүлдіршіндерге тест немесе емтихан тапсыру қарастырылмағанын атап өтті.

«Заңнамаға сәйкес, 6-7 жасқа толған балаларды ата-аналары мектепке бірінші сыныпқа апаруға құқылы», - деді ол.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама