- 08 қыр. 2017 00:00
- 211
Биылғы талапкерлер арасында қай мамандықтар сұранысқа ие
ҚР Білім және ғылым министрлігі биылғы талапкерлер арасында сұранысқа ие болған мамандықтар тізімін жариялады.
Министрліктің хабарлауынша, биыл мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жоғары білім алу үшін резервпен қоса, барлығы 34 907 грант тағайындалды. Білім беру гранты конкурсына қазақ тілі бөліміне 79%, орыс тілі бөліміне 21% адам тапсырған.
«2017-2018 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру гранттарының барлығы игерілді. Республикалық конкурс нәтижесі бойынша талапкерлер арасында «Халықаралық қатынастар» (1 орынға 16 адамға дейін), «Құқықтану» (37 адамға дейін), «Кеден ісі» (10 адамға дейін), «Хореография» (22 адамға дейін), «Сәулет» (22 адамға дейін), «Дизайн» (28 адамға дейін) сондай-ақ, техникалық мамандықтар бойынша «Геодезия және картогарфия» (5 адамға дейін), «Электроэнергетика» (4 адамға дейін) мамандықтары сұранысқа ие болды», - деп жауап берді баспасөз қызметі.
Білім беру гранттары талапкерлердің заң жүзінде белгіленген жеңілдік санаттары есебімен ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу бойынша жинаған балдарына сәйкес тағайындалған.
Дереккөз: ҚазАқпарат