- 30 мам. 2021 00:00
- 270
Бирмингем қаласы - ең...
Бирмингем - Англиядағы бай мәдени мұрасымен танымал қала. Ерекше өркениетімен танылған бұл қала, Уэст-Мидленс графтығының орталығындағы “сити” мәртебесіне ие. Қала көп тұрғын саны бойынша Англиядағы Лондоннан кейінгі екінші қала.
Бирмингем қаласы көптеген архитектуралық мәдениетімен, мұражайларымен ерекшеленеді. Қалада тіпті Венециядан да көп су каналдары орналасқан. Қала асүй мәдениетімен, қолөнер бұйымдарымен танымал. Қалада көптеген мәдени салтанаттар мен түрлі фестивальдар өтеді.
Бирмингем қаласының ерекшелігін арттырып отырған тағы бір архитектуралық ғимарат- Ұлыбританиядағы жалпыға ортақ ең үлкен кітапхана. Ол 2013 жылы ашылып, содан бері Европадағы беделді архитектуралық ғимараттың бірі болып келеді.
Өркениетімен танылған қала, Бирмингем, шоколад отаны! Иә, 1824 жылы Бирмингемде шоколад шығарушы CadBery кондитерлік компаниясы ашылды. Қазірде қала шоколад өнімдерімен әлемге танымал.
Қызықты фестивальдар. Бирмингемде “Әулие Патрик күні” жоғары дәрежеде аталып өтеді. Бұл парад 17 наурызда қайтыс болған Ирландияның алдыңғы қатарлы қасиетті адамы Әулие Патрикке арналады. Фестиваль дүниежүзі бойынша көп мөлшердегі адамдармен тойланатын қасиетті адамдарға арналған 3-ші фестиваль болып саналады. Фестивальға жыл сайын 80 000 адам жиналады.
Бирмингем Европадағы ең жасыл қалалардың қатарына кіреді. Қалада Саттон-парк, Кэннон-Хилл сияқты 500 парк орналасқан. Бирмингемнің ботаникалық бақшасында естен шығармау қажет.
Әлемдегі ең үлкен коллекциялық музей-Бирмингем галерея музейі. Музейде 3000 астам картина мен бейнелеу мұралары бар.
Тағы да таңқаларлық бір факт: алғашқы таңданысқа ұшыраған Британия ұшағы Бирмингем қаласында жасалған.
Бирмингем қаласында Англиядағы Мишлен жұлдызын иеленген 5 мейрамхана орналасқан.
Бұл қаланың ерекшелігін арттыра тусетін тағы бір мұра- Бирмингем ипподромы. Бұл Ұлыбританиядағы ең үлкен театр болып есептеледі. Театрға жылына жарты миллиондай көрермен қонақтайды.
Осындай мәдениеті көрнекті қала Европадағы ең жас қала қатарына жатады. Деректерге қарасақ, қала тұрғындарының 40%-ы 25 жасқа дейінгі адамдар.