depositphotos.com
- 26 сәу. 2026 12:00
- 29
Чехия алғаш рет әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылды
Орталық Еуропадағы Чехия елі алғаш рет әлемдегі ең бай 20 елдің қатарына кірді. Бұл туралы чехиялық Novinky порталы хабарлады.
HelloSafe компаниясының жыл сайынғы бай елдер рейтингісінде Чехия 19-шы орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш бойынша Чехия Францияны артта қалдырды. Экономикалық жағынан Франция жоғары табысқа ие болғанымен, Чехияның рейтингте алға шығуына табыс теңсіздігінің аздығы және кедейшілік деңгейінің төмендігі сияқты әлеуметтік көрсеткіштер ықпал етті.
Компанияның хабарлауынша, байлықты бағалау тек экономиканың көлемімен ғана шектелмейді. Рейтингте халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша), жалпы ұлттық табыс, адам дамуы индексі, табыс теңсіздігі және кедейшіліктің салыстырмалы деңгейі сияқты бес көрсеткіш ескеріледі.
Рейтингтің жалпы балының жартысы елдің экономикалық қуатына, ал екінші жартысы халықтың өмір сүру сапасы мен байлықтың бөлінуіне байланысты. Евростат деректеріне сәйкес, Чехия Еуропа Одағындағы халық табысының теңсіздігі ең төмен ел болып саналады.
Дегенмен, Чехияның экономикасы Еуропаның жетекші елдерімен салыстырғанда әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Рейтингтің алғашқы бестігінде Норвегия, Ирландия, Люксембург, Швейцария және Исландия елдері орналасқан.
-
В Астане школьник жестоко избит сверстниками, получив переломы зубов и серьезные травмы лица. Несмотря на возбужденное дело, расследование затягивается, а виновные остаются безнаказанными.