Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 58 минут бұрын)
Денсаулық үшін

Бір тоқсанға келген қамқор әженің ішімдікке салынған кенже немересі болады. Ол босағада киімшең, ұсқынсыз, сең соққан балықтай болып жатқан жерінен ұшып тұрып:

— Әже, менің бойым неге дел-сал, басым неге сынып барады? — депті, өзін бір күн, бір түн күзетіп, басында отырған өлмелі әжесіне. Әжесі:

— Қарағым-ау, мен оныңды қайдан білем? Қайта, соны өзің жақсы білетін боларсын. Үйткені, үнемі «денсаулық үшін» деп ішесіңдер де, ұдайымен үш күн ауырасыңдар ғой, — депті қарт әжесі.

 


Жаңалықтар

Жарнама