Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту
МДҰ ТӘРБИЕШІНІҢ ӨЗ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ЕСЕП
Тәжірибе тақырыбы: «Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілін дамыту»
Тәжірибенің жұмыс істеу ұзақтығы. 3 этаптан тұрады:
Жұмыс тәжірибесі 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеп, бірнеше кезеңдерге бөлінеді:
I кезең – бастапқы – теориялық кезең 2018 жыл, қыркүйек
ІІ негізгі кезең – тәжірибелік кезең 2019 жыл,
ІІІ кезең – қорытынды – бағалау кезеңі мамыр 2020 жыл.
І - тарау ТӘЖІРИБЕ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
1. Тәжірибенің пайда болу жағдайлары
Еңбек тәрбиесі қашан да ең маңызды қоғамдық міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан жас жеткіншектің жан - жақты өсіп дамуы үшін бірден - бір қажетті нәрсе – еңбек екендігін айқын аңғарамыз. А. С. Макаренко «Балаларды еңбекке қай жастан тәрбиелеу керек?» деген сұраққа «мүмкіндігінше ертерек бастау керек» деп көрсетті. Ал баланы еңбекке тәрбиелеудің бастапқы ұясы – үй, сосын балабақша. Бұл ретте ата - ананың, балабақша тәрбиешілерінің орны бірінші кезекке қойылады. Бала кез келген сәтте үйдегі адамдарға, алдындағы тәрбиешісіне еліктейтін болғандықтан, олар өздерінің бала алдындағы іс - әрекет, қимылдарына ерекше мән беруі керек. Балалар сол үлкендерден көргенін жасауға талпынады. «Өзім киемін», «өзім істеймін» сияқты дамылсыз әрекеттеріне мүмкіндік беріп, қолдап отырған дұрыс. Өйткені, дәл осының өзі еңбек нышанының алғашқы бастамасы.
Педагогтың айқын ұстанымының бірі – балаға белсенді және өзіндік тәжірибені жинақтау үшін және белгілі бір еңбек дағдыларын жетілдіруге көмектесу (баланың жас ерекшелігіне сай).
Баланың еңбек тәрбиесін ұйымдастыруда басты бағыт болып ойын қала береді, ол мектеп жасына дейінгі баланың логикалық өзіндік дамуына әсер етеді. Педагогикалық іс - әрекеттерде ойын тәсілдерін қолдану барысында өзіндік қызығушылық пайда болатыны бізге мәлім. Ойын барысында бала мен тәрбиеші арасында қызығушылықтары түйіседі. Баланың өзіндік дамуында міне, сондықтан да ойын арқылы оқыту тиімді болып табылады.
Бала мен тәрбиеші арасындағы қатынас формасы қызметтестік болып табылады. Бағдарлама бала тәрбиесінде еңбекті ойлау құралы ретінде қарастырады, себебі еңбек тәрбиесі баланың ойлауына, зейініне, тапқырлығына, шығармашылық қиялына, өз жұмысын жоспарлауына септігін тигізеді.
Педагог ойын арқылы балада еңбек тәрбиесінің сұрақтарын қарастыруға, қоршаған ортадағы сұлылықты көруге, адам қолымен жасалып шыққан туындыларды байқап, бағалауға және кемшіліктерін жойып, сұлылыққа ұмтылуға үйретеді.
2. Тәжірибе өзектілігі
Сабақты қызықты өтүі мен әр түрлі әдіс - тәсілдер қолданамын. Соның бір ұтымды түрі – ойын арқылы сөздік байлықтарын арттыру, сөз қорларын дамыту, ауызекі тілде сөйлеуге машықтандыру.
Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады.
Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.
Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да алмайды», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгенсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым - қатынасы, мінез - құлық көріністері олар өсіп - есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытуда оқыту мен тәрбиелеудің негізгі қалыптасудың құралы – ойын. Ойын - дегеніміз жас ерекшелігіне қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын арқылы бала өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Әр бала алдымен ойнау үшін ойланады, ойлана отырып ойлайды. Түрлі заттарды пайдалана отырып, қоршаған ортамен, адамдармен қарым - қатынас жасайды, тәжірибе жинақтайды. Сол ойындардың ішінде ең тиімдісі дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны, сөздік қорларын көздейтін іс - әрекет.
Сабақтар да екі - үш дидактикалық ойын қолдануға болады. Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тіліне деген қызығушылықтарын арттырады, сөздік қорларын байыту. Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған өте тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар өте тиімді.
Балаларға тапсырмаларды ойын түрінде беруге болады, бұл дидактикалық ойындардың ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдық және тәрбиелік мазмұны болады. Ұсынылып отырған құралда балалардың сабақтарға қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар: санамақтар, жаңылтпаштар, сергіту сәтттері, тақпақтар, көкөністер, жемістер, жабайы аңдар, үй жануарлары, төрт түлік мал, құстар, үй құстары, киімдер, ыдыс - аяқ, ұлттық ыдыстар, ұлттық киімдер, т. б.
Сөйлеуді дамыту сабағында көкөністер мен жемістер тақырыбы бойынша «Себетте не бар?» дидактикалық ойынын қолданған жөн. Бұл ойынның шарты себетке көкөністерді салып, себетте не бар? дегенде, балалар себеттегі көкөністер мен жемістерді атайды. Бұл дидактикалық балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытады.
Өз сабағымда ойыншықтар, үй жануарлары, төрт түлік мал тақырыптарын өткенде «Не жоқ?» дидактикалық ойынды қолданамын. Мектеп жасына дейінгі балалар сөреде қай ойыншық жоқ екенін байқап, жауап береді. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін қалыптастырады.
Отбасы тақырыбы бойынша «Үйде кім бар?» дидактикалық ойынын ұйымдастырамын. Бұл ойынның шарты: тақтаға үйдің суреті ілінеді, балалардан үйде кім жоқ? деп сұрағанда, отбасы мүшелерін атайды.
Жануарлар, төрт түлік мал, үй жануарлары тақырыптарын түсіндірген кезде, «Бұл қандай аң?» дидактикалық ойынын пайдаландым. Өйткені, бұл қандай аң? деген сұрақ қойғанда, балалардың ауызекі тілде сөйлеу дағдылары, сөз қорлары дамиды. Балалардың қызығушылықтары арта түседі.
Дидактикалық ойын түрлері өте көп. Оларды әр сабаққа тиімді пайдаланған жөн.
Мысалы: «Дұрыс ата», «Қорада не тұрады?», «Бұл қандай аң?», «Азық - түлік дүкенінде не бар?», «Тез жауап бер», «Не бар?», «Қуыршақты киіндіру», «Тез киін» т. б. «Ойлан, тап» оқыта үйрету дидактикалық ойыны. Кім? деп сұрақ қойғанда, балалар ана, әке, іні, аға, қарындас, әже, ата деп жауап беруі тиіс. Қайда? Дегенде үстелде, орындықта, диванда деп жауап беруі тиіс.
Мақсаты: балалар дұрыс тыңдай отырып, дұрыс жауап беруі тиіс. «Қайталай ғой» дидактикалық ойыны. Ойын шарты: бір бала бір көкөніс атауын айтса, екінші бала сол көкөністі қайталап, әрі қарай басқа көкөністі атайды.
3. Жетекші педагогикалық идея
Жетекші педагогикалық идея мектепке дейінгі жастағы балалардың дидактикалық ойындарымен таныстыру арқылы тіл дамыту үрдісінің тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау болып табылады.
Тәжірибе жұмысының ұзақтығы
Жоғарыда көрсетілген педагогикалық идея 3 жыл бойы жүзеге асырылды: 2018 жылдан 2020 жылға дейін.
Тәжірибе жасау бойынша жұмысты бірнеше кезеңге бөлуге болады:
1 кезең - диагностикалық.
Міндеттер:
- тілдік даму деңгейін анықтау, алынған мәліметтерге талдау жүргізу;
- осы тақырып бойынша әдістемелік әдебиеттерді, әріптестердің тәжірибесін үйрену;
- тәжірибенің мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
2 кезең - қалыптастырушы.
Міндеттер:
- ата - аналарға арналған кеңес беру материалын таңдау:
- мектепке дейінгі баланың дамуында дидактикалық ойындарды қолдану.
3 кезең - қорытынды.
Міндеттер:
- мониторинг жүргізу, алынған деректерді бастапқы зерттеу нәтижелерімен салыстыру;
- нәтижелерді қойылған мақсатпен сәйкестендіру.
Тәжірибе ауқымы
Бұл саладағы жұмыс ауқымы өте кең. Дидактикалық ойынды тек білім саласында ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырылған оқу қызметінде, серуенде, бос уақытта, күнделікті өмірде әр түрлі қызмет түрлерін ұйымдастыру мен басқару кезінде пайдалануды көздейді.
4. Тәжірибедегі теориялық база
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Дидактикалық ойындар балалардың білімін кенейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл.
Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай – ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның ізденімпаздық, тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.
Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады: ойын сабақтар және дидактикалық тапсырмалар.
Дидактикалық ойын кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр.
Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ой күшін жұмсау, ережені ой елегінен өткізе білу, іс - әрекеттердің жүйелігін қиыншылықтарды жою керек болады.
Дидактикалық ойындар қоршаған ортамен таныстыру, математика, тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет сабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.
Тәрибеші үшін дидактикалық ойындардың маңыздылығы жоғары екенін білуі шарт. Бірақ, ескеретін бір нәрсе, маңызды екен деп сабақ мазмұнына үйлеспейтін ойын түрлерінен аулақ болған жөн. Әр ойынның қөз реті бар. Әрбір тәрбиеші сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолданылатын сабақ мазмұнына, мақсатына сәйкес таңдап алған жөн. Өйткені ойын балалар үшін қызықты әрекет, іс - қимыл бола отырып, сонымен бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың аса маңызды құралы болып табылады. Бірақ ол педагогикалық ізденістің арқасында ғана қуатты құралға айналады.
Дидактикалық ойындарды оқу іс - әрекетінде пайдаланғанда арнайы мақсат көздеп, нақты міндеттерді шешу. Ойнатылатын ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Дидактикалық ойындарды оқу іс - әрекетінде пайдалана отырып, олардың балаға тигізетін мынадай маңыздылықтары бар. Ойын балалардың қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейтеді. Оны бекітіп, нақтылай түседі.
Әрбір дидактикалық ойын баланы ойлай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл - ой қызметін қалыптастырады.
Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын ережелері балаларды ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.
Мысал: қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру іс - әрекетінде ойынның мына түрлерін қолдауға болады:
- дидактикалық ойындар, логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытуға,
- сандарға байланысты санамақтар, лоикалық есептер.
Тіл дамыту, айналамен таныстыруда - сөздік дидактикалық ойындар баланың ой - өрісін дамытып, ақыл - ойы, есі кеңейеді, тілі дамиды, байланыстырып сөйлеуге үйренеді.
Қорыта келе айтарым ойын – баланың жан серігі. Ол баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылығын оятады. Сонымен қатар, ойын - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат бітіретін ғажайып нәрсе екен. Сондықтан да құрметті әріптестер балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп саналы да сапалы білім беру – біздің басты міндетіміз.
ІІ - тарау ТӘЖІРИБЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Жеке жұмыс тәжірибесін сипаттау
А. М. Горький «Ойын арқылы бала дүниені таниды»,- десе, А. С. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге сарай ашыл - ған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»- дейді. Шынында да бала үшін ойын - өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс - әрекетін, қарым - қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады.
Халық даналығы «Ойлы бала ойыннан белгілі»,- дейді. Балалардың ойынға деген қызығу - шылығын, ынтасын сабақ процесімен ұштастырудың маңызы зор. Ол үшін сабақта ойын түрлерін ретіне қарай пайдаланып отыру қажет. Ойынның түрлері көп. Біз солардың ішінде, ең алдымен сабақ барысында жиі пайдаланатын дидактикалық ойындарға тоқталамыз.
Дидактикалық ойын оқушылардың ынта - ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі.
Дидактикалық ойынның мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындардың ережесі оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Дидактикалық ойынды сабақта қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет:
- ойынның балаларға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;
- баланың жан - жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етеді;
- өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызуы;
- сабақтың мақсатын іске асыруда оқушыларға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс;
- тілдік материалдарды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі;
- балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы ролі болуы.
Ойын барысында бала өзіне үлкен адамның белгілі бір функциясын қабылдайды. Оны өз іс - әрекетінде жүзеге асыруға тырысады. Балалардың дидактикалық ойындарға деген қы - зығушылығы ойын әрекетінен ойлау әрекетіне, ақыл - ойды дамытуға берілген логикалық жаттығуларға ауысады. Мысалы, рольдік «Капитандар» ойыны. Бұл ойынды ойнау бары - сында балалар елестету арқылы «кемені жүргізеді». Ойындағы рольді оңға, солға бұрады, кеменің жүзуіне, қозғалысына тән дыбыс шығарады. Бұл әрекет арқылы оқушылар кеме капитанының роліне енеді.
Ал дидактикалық жағынан алғанда олар капитанның ойлау әрекетіне еліктейді, тәрбиешінің алдын - ала жасаған түсіндірмесіне сүйене отырып, кемені берілген бағыт бойынша жүргізеді. Мұндай ойын арқылы бала өздігінен жұмыс жасауға үйренеді, өз бетімен қорытынды шығаруға машықтанады.
Белгілі ресейлік ғалым - педагог Л. В. Зенковтың пікірінше, ойын берілген білімді кеңейтуге, арттыруға, сабақтағы зерігушілікті қоюға көмектеседі.
Жұмбақ - заттың немесе жануарлардың тұспалды белгілер туралы ұғыммен құпияланатын ойын. Мысалы:
Қабат - қабат киінген,
Жұмырланып түйінген.
Доп - домалақ көк допты,
Күнде көрем үйімнен.
Ол қандай зат, балалар,
Сорпасы тіл үйірген? (қырыққабат)
Сауалғы – орысша «викторина» деген мағына білдіретін ұғым, бір тақырыпқа топтастырылған сұрақ - жауап жиынтығы, демек сұрақ - жауап ойыны.
Басқатырғылар - адамның ой - пікірін дамытып, зейінділікке, тапқырлыққа, төзімділікке баулитын шытырман ойын.
Сөзжұмбақ - танымдық ойынның ең көп тараған түрі. Сөздерді әр түрлі тәсілдермен құпиялап ойын құрастыру. Яғни сөздерді пайдаланып жасалатын ойынның жалпы атауы.
Дидактикалық ойындарды тәрбиеші сабақта пайдаланып, оқыту мақсатын шешеді, осындай ойындардын бірнешеуін ұсынамын.
І. Математика
1. Адасқан балапандар
2. Суреттегі геометриялық пішінді ата.
3. Көршіні ата
4. Бақаның көлге жететін жерін көрсет. (схема)
5. «Сипат тап» ойыны
«Балалардың тілін дидактикалық ойындар арқылы дамыту - бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу - ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізгі балабакшада басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында дидактикалық ойынның алатыны өте ерекше. Дидактикалық ойын арқылы балалардың білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндерінің ақыл - ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл дидактикалық ойындар балабақша бүлдіршіндердің сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі. Себебі, ойын - оқу, еңбек, іс - әрекеттерімен бірге балалардың өмір сүруіне маңызды бір түрі.
Балабақша бүлдіршіндерінің негізгі әркеті - ойын десек, оқу - тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу - әрекетін оқуға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барасында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыралады.
Дидактикалық ойындар – арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Дидактикалық ойынның мақсаты - бағдарламада анықталған білім, білік, дағдыларын және түсінік беру, оларды қалыптастыру тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Дидактикалық ойынның міндеті – балалардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Дидактикалық ойындар – балабақша бүлдіршіндері үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Дидактикалық ойындар ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді:
- танымдық, яғни балаларды тану, іздену әрекетін дамыту;
- тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен
қарам - қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құру мына негізге сүйенеді:
Балабақша бүлдіршіндерінің іс - әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу тәрбие мәселесіне көшу. Дидактикалық ойынның шартымен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл - ой белсенділігінің күшеюі.
Оқу мен тәрбие мақсатының бірлігі.
- Заттық дидактикалық
- Сөздік дидактикалық
- Дидактикалық ойынның маңызы:
Дидактикалық ойын балалбақша бүлдіршіндерінің қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.
Әрбір дидактикалық ойын балабақша бүлдіршіндерін ойнай білуге баулып, сөдік қорын молайтады, ақыл – ой қызметін қалыптастырады.
Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу және ұстамдылықты, тәртіпті қажет етеді.
ІІІ - тарау ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕЛІЛІГІ
Өз білімін жетілдіру бойынша тақырып: «Дидактикалық ойындар арқылы баланың тілін дамыту» жай алыған жоқпын, себебі балаларға білім берген кезде жай ғана айтып немесе оқып отыру қызықсыз және назарын тез басқа жаққа ауып кетеді. Сондықтан әр түрлі дидактикалық ойындарды қолдана отырып балаға сабақ немесе білімбере отырып балаға қызықты және білімді болып отырады.
Педагогикалық іс - әрекетте шеберлікке үйрену үшін, көп үйрену қажет, бала психикасын және жас ерекшеліктерін танып алу қажет.
Өз жұмыс негізінде мен көптеген дидактикалық ойындарды алып отырамын.
Қазіргі мектепалды білім мен тәрбие заман талаптарына сай менің жұмысымның мақсаты: балалардың әр түрлі дидактикалық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін осындай міндеттерді қоямын:
сөздік қорларын молайтып, сөздігін көбейту;
ойын арқылы баланы танымдық қабілеттерін дамыту;
ойынға деген қызығушылығын арттыру;
бір - бірімен қарым - қатынас құру тәжірибесін арттыру.
Тақырыбым бойынша жұмыс істей отырып балабақша мүмкіндіктерді және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып дидактикалық ойындар туралы жоспар құрдым.
Сонымен бірге дидактикалық ойындар топтамасын жасадым. Жұмыс барсысында мен мынадай дидактикалық ойындарды жасадым: «Жемістер мен көкөністер», «Сортер», «Балық аулау», «Артық затты тап» және т. б. және осы ойындар жас ерекшеліктерімен сай уақыт сайын толтырылып күрделенеді.
Мектепалды жаста дидактикалық ойын басты рөлді атқарып отырады, ал танымдық процесстердің жетілуі оның негізгі бөлігі болып табылады. Балалар болса ойын барысында қиындықтарды кездестіріп, бірақ тәрбиешінің көмегі тигеннен кейін бала ойынға қанағаты толып білімге деген қызығушылығы толады, содан соң бала бұл дидактикалық ойын арқылы өзі сезбей тұрып зейіні болсын, есі болсын, ойлауы болсын жетіле түскенін байқалып қаласың.
Ойын барысында бала ойын шартын түсіне отырып ойға батып, орындағысы келіп отырады. Өз жұмысымда балалармен ойынды ұйымдастырда мынадай үш принциптерді ұстанамын:
бала ойынды үйреніп оны жақсы игеру үшін мен балалармен бірге өзім ойнаймын;
ойын барысында баламен бала болып отырамын және дұрыс немесе сен дұрыс емес жасап отырсың деген орынсыз сөздерді қолданбаймын;
балалармен бірге ойын барысыда өзіндік еркіндік бере отырып, басшылық етіп ойнатқызуды мүлдем қолдамаймын;
Екінші сәбилермен ойндарды ұйымдастыра отырып, баланың өздігінен жұмыс жасауды, зейінін, ойлауын, ең бастысы логикалық ойлауын және де ойынға деген қызығушылығын арттырамын.
Ойынға деген қызығушылығын жоғалтпау үшін, барынша көбірек балаларды мақтауға тырысамын. Өз жұмысымда ойын барысында бала толығымен түсініп және жеке өзінің шығармашылығын қолдануға мүмкіндігінберіп отырамын.
ІV - тарау ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Балабақшадағы дидактикалық ойындар - Сорокина А. И.- 1982ж.
2. Балабақшадағы дидактикалық ойындар - Бондаренко А. К.- 1990ж.
3. Картотека дидактических игр и упражнений по развитию речи.- Е. С. Букиневич, А. Л. Лагунович
4. Дидактикалық ойындар - А. Күзембаева - 2014ж.
5. Қаженбаева А. Е. Бала танымын ойынмен дамыту // Отбасы және балабақша. - 2012. - №1. - 9 - 10 б.
6. Қоянбекова С. Ойын мақсатын талдау жэне оның мәні //Қазақстан мектебі. - 2002. - №1 - 2. - 45 - 49 б.
7. Бала тәрбиесі № 2 2016 ж, № 4 2017 ж.
8. Молдагаринов Аскар «Казахские детские игры» кітабы, Алматы - 1999 ж.
Тәжірибе авторы: Омарова Набира Муханбетрахимовна
Педагогикалық өтілі: 7 жыл
Толық нұсқасын жүктеу