Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 21 сағат бұрын)
Ебін тапқан екі асар

Баяғыда бір үлкен ас беріліп, бәйге жарысы болыпты. Біреудің аты бәйгеден келіпті. Жүлде алыпты. Алған жүлдесін жұртқа үлестіріп тұрып, ат иесі:

— Тағы кім қалды? — деп сұрапты.

Сонда бір қу:

— Боз атты Божбан қалды,
Құдайға жазған қалды,
Онан соң мен қалдым! — деп үш сыбаға алыпты. Сөйтсе атап-атап айтқандарының бәрі әлгінің өзі екен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама