Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 минут бұрын)
Екі айлық сәбиін өлтіріп, тастап кеткен ана тергеуде

Ресейдің Киров облысындағы Ленинская Искра кентінде тұратын әйел, қора ішінен екі айлық сәбиінің өлі денесін тауып алған соң, дереу полицияға хабарлаған. Бұл туралы Arasha.kz сайты Газета.Ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Құқық қорғау органдары нәрестенің 20 жастағы анасы мен оның серігін туыстарының жертөлесінен тапқан. Тергеу мәліметтері бойынша, әйел сәбиін бірнеше рет басынан ұрып, кейін оның денесін қараусыз қалған үйге тастап кеткен.

Жас әйел полиция бөліміне жеткізіліп, оған «Кішкентай баланы өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтар

Жарнама