Tengrinews.kz / Турар Казангапов
- 10 мау. 2026 17:00
- 29
Екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов жаңа әскери атақ алды
Қазақстандық боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов жаңа әскери атақ алды. Бұл туралы оның спорттық клубы хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биыл 28 жастағы спортшы 2021 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанған болатын. Енді ол старший лейтенант атағына ие болды.
Спортшыны құттықтады
«Армиялық орталықтың спортшысы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Сәкен Бибосынов старший лейтенант атағын алды. Біз Сәкенді бұл жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!» — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов әлем чемпионаттарындағы табыстарымен қатар, Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ, кәсіпқой рингте екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен.