- 05 нау. 2024 04:17
- 272
Екпін кіріктірілген сабақ
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Екпін «кіріктірілген сабақ»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға екпін және оның түрлері туралы білім беру, жаттығу жұмыстары арқылы тереңдету, екпіннің буынмен тығыз байланысты екендігін ұғындыру, олардың үйлесуі, байланыстығының маңызын түсіндіру;
2. Шығармашылық жұмыс істеуге ұмтылдыру, анық та нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру, мағынаны ажырата білу қабілеттілігін арттыру.
3. Бір - бірінің пікірін құрметтей алатын, өз ойын тұжырымды жеткізе алатын, тілін құрметтейтін, ортаны сүйетін, шығармашылық қабілеті жоғары дамыған Қазақстан азаматтарын тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызбалар.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндірмелі, сын - тұрғысынан ойлау әдісі.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы. кіріктірілген сабақ.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Үй тапсырмасын сұрау;
А) Орфография мен орфоэпия дегеніміз не?
В) Мысал келтіріңдер.
Фонетикалық талдау жұмысы
І топ ІІ топ ІІІ топ
Кітап көйлек әдебиет
Табиғат мұғалім Жамбыл
Жаңа сабақ.
1. Дәптерлеріне бүгінгі күнді, айды жазғызу.
2. Сабақ тақырыбын анықтау;
3. Жаңа сабақты түсіндіру;
Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
Мысал: Оқу, оқушы, оқушылар
Сөз екпіні.
Екі не одан да көп буынды бір сөздің ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз екпінінің орны тиянақты болады: екпін сөздің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: Үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар берілді.
Ой екпіні.
Сөйлем ішіндегі ерекше аударылуға тиісті болған бір сөзді оқшаулап, бөліп айту ой екпіні деп аталады. Мысалы:
Атасы бүгін ауылға келді.
Атасы ауылға бүгін келді.
Ауылға бүгін атасы келді.
Тіркес екпіні.
Тілімізде бірнеше сөз тізбектеліп барып түгелімен бір ғана екпінге ие болады. Екпіннің мұндай түрі тіркес екпіні деп аталады. Мысалы: тәлім - тәрбие, ата - ана, оқу үшін, қырық шақты, ән сал, қыпша бел.
Дыбыс екпіні.
Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп не созып айту тәсілі дыбыс екпіні деп аталады. Мысалы: тамаша, бәрекелді, жарайсың тамаша.
Екпін кіріктірілген сабақ жүктеу