Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Елена Рыбакина Германиядағы WTA-500 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германиядағы Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA-500 турнирінің ширек финалында канадалық Лейла Фернандесті (әлемдік рейтингте 25-орында) жеңіп, жартылай финалға шықты. Бұл туралы Tengri Sport хабарлайды.

Порше-Арена кортында өткен кездесу 3 сағат 2 минутқа созылды. Рыбакина қарсыласын 6:7 (5:7), 6:4, 7:6 (8:6) есебімен жеңді. Ол кездесуде жеті эйс жасап, сегіз қос қате жіберсе, Фернандес алты эйс пен алты қос қате жасаған.

Турнирдің алғашқы кезеңінде қазақстандық теннисші әлемнің 19-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдермен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен басым түскен болатын. Ал Фернандес бұған дейін түркиялық Зейнеп Сенмезді (WTA рейтингінде 79-орында) жеңген еді.

Жарыстың финалына шығу үшін қазақстандық спортшы әлемнің тоғызыншы ракеткасы, ресейлік Мирра Андреевамен кездеседі.

Штутгарт турнирі 13-19 сәуір аралығында өтуде. Турнирдің жүлде қоры 1,2 миллион доллар немесе 570 миллион теңгеден асады. Елена Рыбакина бұл турнирде 2024 жылы да жеңімпаз атанған.

Жаңалықтар

Жарнама