Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Елімізде педагогтардың құқын қорғайтын кеңестер ашылуда

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов барлық облыста педагогтардың құқығын қорғау жөніндегі кеңестер ашылып жатқанын айтты.

«2020 жылы білім беру саласында және оның барлық деңгейінде сапалы өзгерістер болды. Десек те, жетістіктер де, кемшіліктері де бар. Біріншіден, «Педагог мәртебесі туралы» заңының аясында педагогтардың еңбек жағдайлары жақсартылып келеді. Педагогтарды тән емес қызметтерге әрі көзделмеген есептерге тартудан босату шаралары қабылданды. Сонымен қатар, барлық облыста педагогтарың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер ашыла бастады. Биыл бұл жұмысты соңына дейін жеткіземіз», - деді А. Аймағамбетов Білім министрлігінің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының берген тапсырмасы аясында 2024 жылға қарай педагогтардың жалақысы 2 есе артады.

«Осы қадамдар мектептерді кадрлармен толық қамтуға етуге мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды мәселе - педагогтарды жұмысқа қабылдау енді конкурс арқылы нақты біліктілік көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі және де оны электронды форматқа көшіреміз. Осыған қоса 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігі тұрғысында сертификаттаудан өтеді. Яғни дипломға қоса, квалификация алу міндеті енгізіледі», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомство басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірде мектептерді бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз, жылы әжетханалармен 99 пайыз қамтамасыз етілгенін айтты.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама