- 15 нау. 2021 00:00
- 200
Министр латын графикасын енгізу мен 12 жылдыққа көшу туралы айтты
Оқулықтарды іріктеу рәсіміне қойылатын талаптар қатаңдатылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
«Орта білімді дамыту үшін латын графикасын енгізе отырып, 2023 жылдан бастан 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу көзделіп отыр. Ол үшін біз өте ауқымды жұмыс атқаруымыз керек. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылатын болады», - деді А. Аймағамбетов.
Оның айтуынша Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша математика, тілдер және информатика сияқты басым пәндерге ерекше назар аударылады.
«Қазақстан тарихы» мен «Дүнижүзі тарихы» бірыңғай оқулықтар әзірленетін болады. Оқулықтар сапасы қоғам тарапынан айтылу сынға тап болды. Оқулықтарды сараптау және іріктеу рәсіміне сарапшылардың біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қатаңдатылды. Оқулықтарды сапалы әзірлеу үшін оқулықтардың құрылымы мен мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды бекітеміз, тиісті заңнамаға қажетті өзгерістер енгізілді», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ведомство басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірде мектептерді бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз, жылы әжетханалармен 99 пайыз қамтамасыз етілгенін айтты.