Елімнің есіл ерлері
Тәрбие сағаты: « Елімнің есіл ерлері»
Мақсаты: 1. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән - маңызы туралы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау.
3. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу;
Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.
Көрнекіліктер: плакатка жазылған нақыл сөздер, Ұ. О. С. батырларының суреттері, буклеттер, оқушылар салған суреттер, слайд
Тәрбие сағатының барысы:
- Құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер!
Әрқайсысымыз үшін жақын да қымбат мереке 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс күніне санаулы да күндер қалды.
Жеңіске жету жолында Қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан Жеңіс күні әрқайсысымыздың жүрегімізге жақын.
1 - жүргізуші: Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкім де, ештеңе ұмытпауы тиіс! Себебі, бұл – біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!
2 - жүргізуші: 1941 жылы маусымның 22 – сінде Гитлерлік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады.
Мұғалім: Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.
1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды. 1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 – ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
2 - жүргізуші: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
Ән: «Ел қорғауға әзірміз»
1 - оқушы. Жеңісбек
«Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштеріне де қашалып жазылған.
2 - оқушы. Айбек
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
3 - оқушы. Арсен
Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9 - мамырына қайта оралтады.
2 - жүргізуші:
Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан – ел үшін,
Бақытты туған жер үшін.
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сол ағаларымыздың рухына бас иіп 1 минут еске алайық.
4 - оқушы. Медет
9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.
5 - оқушы. Равиль
Оқ борады күні - түн
Жатты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды,
Батыр қазақ оқты алып.
1 - жүргізуші:
Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қару шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5, 5 миллион адамға жетті.
2 - жүргізуші:
Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының бостандығы үшін күресті.
1 - жүргізуші: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын тікті 1945 жылы 30 сәуірде.
6 - оқушы. Самат
Туын жықпай қолдағы,
Опат болды елі үшін.
Кеудесімен қорғады,
Азаттықтың жемісін.
Вальс «Синий платочек» Жеңісбек, Назерке, Самат, Карина
7 - оқушы. Арсенбек
Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.
8 – оқушы: Динара
1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100 - бригадасы құрамында майданға аттанды.
Мәншүк Мәметова - Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты. Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған. Каһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
9 - оқушы: Эльвира
Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.