Шілдехана, бесік той
Әдебиет әлеміне саяхат (2 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Шілдехана, бесік той.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ара жігі айырғысыз осы екі дәстүрмен таныс ету. Ондағы ырым, жоралғыларға мән беруге үйрету.
Дамытушылық: Тіл дамыту. «Қалжа», «Иткөйлек» сөздерінің мәнін білдіру, шақалақ, періште, нәресте, сәби, бөбек – жас баланың атаулары екендігін ұқтыру.
Тәрбиелік: Тойдың тәрбиелік мәнін ашу, көпшіл болуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сабақтың тақырыбы, мақал - мәтелдер, мазмұнды суреттер, бесік, қуыршақ,.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ізденушілік, әңгімелеу, өзіндік.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру..
ІІІ Мақсат қою кезеңі.
V. Жаңа сабақ:
- Балалар, бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Қонақтарға не көрсетуіміз керек?
- Қонақжайлығымызды қалай көрсетеміз?
- Жақсы білімімізбен тәртібімізді көрсетсек, қонақтардың көңілдері марқайып қайтады.
- Мына тақтадағы ребусқа көңіл бөліп шешейік.
«Шілдехана»
Бүгін біз «Шілдехана бесік тойы» - деген тақырыпты қалап алып, осы екі дәстүр туралы мағлұмат аламыз. Сәбиге арналған алғашқы екі той ара жігі ажыратқысыз, бір – біріне жалғасқан, дүниеге келген сәби құрметіне арналған той.
Дүниеге сәби келу – ұрпақ жалғасы, болашақ азамат, елінің, жерінің, отбасының тірегі деп ұғынуымыз керек.
- Нәрестенің дүниеге келу құрметіне арналған той?
«Шілдехана»
- Сәби дүниеге келгенде туыстарынан не сұралады?
Сүйінші!
Сүйінші!
Дүниеге алтын айдарлы ұл келді!
Ат ұстар, елін қорғар жан келді!
Немесе
Қылығы тәтті, сүйсінтер жанды,
Ақылына көркі сай ару келді! – деп сүйіншілеп, сүйіншісін алған.
- Сәби кіндігін кескен ананы кім дейміз?
«Кіндік шеше»
- Ең алғаш киген киімі
«Иткөйлек», жас босанған анаға арнап «Қалжа». алып келеді
- Баланы немен шомылдырамыз?
Баланы тұзға пісіріп, иткөйлегін кигізеді. «Сәбиді сылау өсіреді» - деп баланы күнде шомылдырып, күнде сылап қырқынан шыққанша қадағалайды. Қалжаға үй йесі де ірі қой сояды. Арнайы сойылған мал – «қалжа» деп аталады.
Қалжаға сойылған қойдың мойын омыртқасын тұтас тазалап, маңдайшаға іліп қояды. Бұл сәбидің мойыны тез қатайсын деген ырым.
Қалжаға күйі жоқ үйге жекжат – жамағаттары жиылып қалжа әпереді. Дүниеге сәби әкелген ананың белі бекінгенше жас сорпа мен етті аузынан үзбейді. Бұл салттар адамдарды жақындатып, бір – біріне тілекші, қамқоршы қылады.
Қайын сіңлі, қайын апалары ана мен жас сәбиді күтімге алады. Бұл имандылық дарып, жүрегіміз жұмсаруына әсер ететін көркем салт.
Сүйінші сұрағанда естігендер, құтты болсын айта келгендер, тойға келгендер «Баланың бауы берік болсын!» - деп тілек арнаған. Сәбидің ұл не қыз бала екендігін айту үшін «ат ұстар», «жылқы айдар», «қой бағар», «шай құяр» деп тұспалдаған.
«Шілде»- сөзі парсының «чел немесе чиль(қырық) сөзінен шыққан. Шілдехананың көне атауы «Шілде күзет» болған. Мағынасы туылғаннан кейінгі қырық күндік күзет( анасы мен баласы жын - шайтандардан 40 күн бойына, яғни қырқына дейін күзету.
– халқымыздың қастерлі, жаңа туған нәрестенің құрметіне арналған той. Тойға жастар жиналып, ойын сауық ұйымдастырылады.
Шілдехана – баланы жын – шайтаннан қорғап, күзетуден пайда болған дәстүр. Жас босанған ана мен жас сәбиге жын – шайтан үйір деген түсінік бар. Түнгі қараңғы мезгіл қатерлі деп ұққан. Сондықтан шілдехананы кейде «шілдекүзет» - деп те атайды. Шілдекүзет кейде үш күнге дейін созылады. Жастар кеште жиналып, таңға дейін ән айтып, домбыра тартып, айтыс ұйымдастырып, көңілді өткізеді.
Сергіту сәті «Күнбағыс».
Күркіреді күн, күн...
Терезелер шың, шың.
Жауды жаңбыр топ - топ,
Шелек - шелек көп - көп!
Жон арқаңды тос - тос,
Күнбағыс, тез өс - өс!
Жұмбақ
Иесі оның - сәби,
Әрі төсек, әрі үй.
(Бесік)
Бесік – қазақ халқының мәдени мұраларының бірі, ұлт өнерінің төл туындысы, тәрбие құралы, нәрестеге арнап жасалынған ағаш төсек.
Сәбиді желдің өтінен, жердің сызынан, салқынның қаһарынан, аптаптың ыстығынан қорғайтын – киелі ұя. Иесі қазақ баласы осы бесіктен өсіп шықты.
Бесік - ықшам, аттың жалында, түйенің қомында өңгеріп алып жүруге болады. Тазалық мекені, денсаулық қорғаны, тербелмелі – сәбиге жұбаныш сыйлар жайлы орын.
Бесіктің құрылысымен таныстыру.
Бөген, арқалық (белағаш), жақтау, сабау, шабақ, жорға, түбек, шүмек. Түбек – ішіне күл салынған киіз қалта.
Шілдехана өткеннен кейін баланың әке – шешесі бесік тойын жасайды. Егер сәби бұл үйдің тұңғышы болса бесікті сәбидің нағашы жұрты немесе ұрпағы жалғаса берсін деген ниетпен қадірлі, көп балалы аналардың бірі сыйға тартады. Үйде алдыңғы балалардың бесігі болса, сол бесікке салынады.
«Баланы бесікке салу» отбасы үшін үлкен қуаныш. Баланы бесікке жасы үлкен, жапырағы жайылған қадірлі ана салады. «Бесікке салар» сыйақыны иеленеді.
Осы дәстүрге тұспа – тұс сәбиге ат қою рәсімі өтеді. Қолайлаған есімін молда алдырып, азан шақыртып, сәбидің құлағына алма кезек «сенің атың пәленше», - деп үш рет атайды. Азан шақырып, ат қойған адам да сыйақысыз қалмайды.
Көрініс. Азан шақыртып ат қою.
«Бесікке салу» рәсімін көрсету
1. Бесікті аластау
2. Тыштырмай жасау
3. Бесік жабдықтарын салу.
4. Тіл – көз тимеске тұмар, үкі тағады. Шошымасын деп ер баланың жастығының астына бәкі салады, ал қыз бала көрікті болсын жастығының астына айна – тарақ салады.
5. Сәбиді бөлеу.
6. Жабындысын жабу.
7. Халықшыл болсын деп – тон, жасы ұзақ болсын деп – шапан, сыйлап өссін деп ата – әжесінің, әке – шешесінің бір – бір киімін жабады. Ат жалын тартып мінсін деп – қамшы, ұйқысы көп болсын деп – қапшық іледі. Киім санын жетіге толтырады. Бесікті ат қып шабатын да ырым бар.
Бесікке салған адам да сыйақысыз қалмайды.
Жалғасын тап:
Бесікке байланысты ырым - тыйымдар:
Бос бесікті............. тербетпе.
Бесікті................... ашық қалдырма.
Сатып алсаң.............. саудаласпа.
Өз балаңа............. бесік жасама.
Бесік сыйлағанды............ елеусіз қалдырма.
Бесікті пайдаланбасаң.............. жоғары қойып, таза сақта.
Құрастыру:
бөліктерге бөлінген суреттерді құрастыру, сол бойынша өз ойларын ортаға салу
3 топқа 3 сурет беру
Қорытындылау:
«Ата дәстүрлері» әнімен аяқтау
Бағалау: көп жинаған смайликтері бойынша бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.