Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Дара және күрделі етістіктер
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дара, күрделі етістік туралы мағлұмат беріп, сөйлем ішінен таба білуге дара, күрделі етістіктерді бір - бірінен ажыратуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, сауатты жазуға қалыптастыру. Шығармашылық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Әрбір істі сапалы, ұқыпты орындауға, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс, ой ашар, ой толғаныс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек - сызба. «Сәйкестендіру» ойыны

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік. 1 - оқушы дауыстап мәнерлеп айтады.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім
Міне, оқушылар ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтармен амандасып, сабағымызды бастайық.

3. Жаңа сабаққа кіріспе.
Ертегімен жалғастыру. Ерте, ерте, ертеде жапан түзде жалғыз қарағаш өмір сүріпті. Ол 10 жасында ержетіп, 20 - сында бұғанасы бекіп жайқалып өсіпті де, кенеттен қартая бастапты.
Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабырғаның әр жеріне құрт түсіпті. Құрт көбейіп, оның әр жерін тесіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?
- Құрт ауруына шалдықтым. - Ух, жаным - ай! Енді не қыламын? Жапырақтарым сыздайды, бұтақтарым сырқырайды, жәрдем ете көріңдер,- деп, қарағаш күні - түні зарлап жылайды.
Оның дауысын естіп, бір күні бір Көгершін ұшып келеді:
Қарағаш ата, ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп көрейін,- деп ұша жөнеледі.
Балалар, көгершінмен бірге Қарағаштың ауруын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығайық. Ол үшін мына тапсырманы орындап жіберейік.
«Артық сөзді тап» ойыны
Шарты: тақтада берілген сөздердің ішінен артық сөзді тауып дәлелдеу.
Аспан, шағала, аналар, отырды, орындық.
Себебі, отырды деген сөз етістік, қалғандары зат есімдер.
- Енді, етістіктер туралы не білеміз.
«Етістік»
- Етістік туралы не білеміз?
Тірек - сызба: / слайд/
Етістік
Қимылын, іс - әрекетін Не қылды? Қайтті? Не істеді?

Мұғалім: Біз қарағашты емдейтін дәрігер іздеп келе жатырмыз, алғашқы тапсырманы орындадық. Енді көгершінмен бірге әрі қарай аттанайық.
Көгершін бірге ұшып келе жатып бір торғайды көреді де, оған келіп болған жайды баяндайды."Қарағашқа жақсылық жасай көр", - деп өтінеді. Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ,- дейді... Оның уақыты жоқ болса, онда біз көмектесіп мына тапсырманы орындайық.

Ой ашар: Жұмбақ шешу
Барлық жемін бітеудей асайды,
(құс)
- Балалар, құстың қимылына байланысты сөйлем құрайық.

Құс ұшты. Құс ұшып жүр.
Құс қонды. Құс қонып отыр.
Айырмашылығы қандай? ( Ереже шығару)
Дара етістік бір сөзден, күрделі етістік екі немесе одан да көп сөзден тұрады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама