Елін сүйген – Елбасы
Тақырыбы: Елін сүйген – Елбасы.
Мақсаты: Балалардың өз Отаны туралы білімін кеңейту. Еліміздің Тұңғыш Президентін жас ұрпаққа таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
1 - бала: Әнұраным жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Республикам, Әнұраным.
Әнұран: (Балалар айтады.)
Шаттық шеңбер: Тәрбиеші. Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
(Қазақстан Республикасы)
Тәрбиеші: Отан дегенді қалай түсінесіңдер?
(Отан деген біздің жеріміз, еліміз, отбасымыз)
Олай болса, қазір Отанымызға, жерімізге қалай жылулық лебіздеріңді білдіресіңдер?
1 - Бала: Ашық болсын көк аспан!
2 - бала: Жаса, жаса, Қазақстан Отаным
3 - бала: Қазақстан - менің асыл аймағым
4 - бала: Қазағымның әрқашан жолы болсын!
5 - бала: Бақ кетпесін әр үйіңнен қазағым.
6 - бала: Ту. Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы.
- Міне, балалар еліміз, жерімізге, Отанымызға жылулық лебіздер білдірдік, жақсы орындарыңа отырыңдар.
Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қазір жылдың қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
Балалар: Қыс мезгілі үш айдан тұрады.
Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінің алғашқы күні, қандай мереке?
Балалар: 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні.
Тәрбиеші: - Тұңғыш Президент кім екен?(Н. Ә. Назарбаев)
Тәрбиеші: Білім беру саламыз: Коммуникация.
Ұйымдастырылған оқу қызметіміз: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбымыз: Елін сүйген – Елбасы.
Тәрбиеші: (слайдпен көрсетеді).
Тәрбиеші: 1991 жылы 1 - желтоқсанда Республика бүкілхалықтық Президенттік сайлауы болып өтті. Н. Ә. Назарбаевты халық бір ауыздан сайлады. Елбасымыз өз елі үшін, тағдыры үшін көптеген істерді жүзеге асырды. Еліміздің тыныштығы үшін қызмет етіп келеді.
Н. Ә. Назарбаев сендер сияқты бала болған, армандары көп болған, ендеше ауызша айтқанша Президенттің өмірбаяны туралы шағын сюжет көрейік.
- Балалар сендерге ұнады ма?
- Бейнефильм кім туралы екен?
- Нұрсұлтан Әбішұлы қай жерде туылған?
- Кішкентай кезінде қандай бала болған?
- Мектепті қалай оқыпты?
- Ол ұшқыш болды ма?
- Жоқ, президент болды!
Тәрбиеші: Балалар елбасы туралы кім тақпақ айтып береді?
Бала: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, ер халқым!
Бала: Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар - бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
- Президент қай қалада жұмыс істейді? (Астана қаласында жұмыс істейді.)
- Астанаға барып көрдіңдер ме?
- Ал ендеше, «Кітапханаға саяхат» фото сюжетін тамашалайық. «1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы Алматы қаласы болды. Содан соң Қазақстанның орталығы Ақмола болғандықтан, сол жерге көшірілді. 1998 жылы Астана деп өзгертілді.
- Астананың құрылып жатқаны, міне үлкейіп өркендеп келеді. Астанада Президент сарайы бар, сол жерде қызмет істейді, шет елдің басшыларын қабылдайды, ол Ақорда деп аталады. Әсем биік үйлер бар, Бәйтерек, «Мәңгілік ел» символы, Ханшатыр, спорт кешені, Нұрастана мешіті, түнгі Астана. Міне аз уақыт ішінде, көркейіп өсіп келе жатқан Отанымыздың жүрегі Астана қаласы бүкіл әлемге танымал болып үлгерді.
- Ендеше кім отан туралы тақпақ айтып береді?
Бала: Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бала: Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Балалар бойымызды сергітіп алайық, шаршаған шығарсыңдар.
Сергіту сәті:
- Жарайсыңдар.
- Балалар бүгінгі оқу қызметімізде Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы көптеген мағұлматтар алдық.
Қортынды:

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні.
Тұңғыш Президент кім екен?(Н. Ә. Назарбаев).
Қазіргі жұмыс орны қай қала?
- Дұрыс, Н. Ә. Назарбаевтың әні «Елім менің»әнін қабыл алыңыздар!
Балалар ҚР қазіргі кезде бай да бақытты, болашағы зор ел. Осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз. Балалар өз тілімізді құрметтеп, өз Отанымызды, жерімізді, елімізді қорғауымыз керек, өйткені сендер Отанымыздың болашағысыңдар.
Осымен оқу қызметімізді аяқтаймыз. Сау болыңыздар!
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы,"Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі
Байсеитова Гүлзи Байсеитқызы