Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 13 сағат бұрын)
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Сыныбы: 3
Сабақтың мақсаты:
1 - желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету.
Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, шар, буклет, нақыл сөздер

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды екі қатарға тұрғызу
2. Екі жүргізуші ортаға шығады
Ельдар: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар
Алима: Қайырлы күн құрметті қонақтар!
Ельдар: 1 - Желтоқсан Тұңғыш Президентіне арналған «Елін сүйген, елі сүйген елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Қ. Р. Мемлекеттік Әнұраны орындалады
Алима:
Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген
Лебізіңнен ол арманы өрілген
Сенің арқаң - Қазақстан көркейіп
Достық әні шарықтады төрімнен
Елдар:
Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр - әнім
Өзің болдың көшбасшысы елімнің
Өзің болдың биік ұшқан қыраным
Сахнаға 4 оқушы шығып өлең шумақтарын оқиды
1 - оқушы Ақнұр:
Атыңнан айналайын, Егемен ел!
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер
Мерейің құтты болсын Нұр ата,
Ғасырдың тойы болшы келе берер
2 - оқушы: Ернұр:
Болашағы Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы
Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан
Халқымыздың таңдап алған таңдауы
3 - оқушы: Диляра:
Асқақ болып еліміздің жалауы
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы
Еңбек, достық, бейбітшілік береке
Қазақстан Республикасының қалауы
4 - оқушы: Ерсұлтан:
Еліміздің тыныштығын ойлайтын
Халқым менің елбасыны қолдайтын
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан

Алима:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады - ау кісілік
Эльдар: Қазір слайдқа назар аударайық
6 - оқушы: Алима:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
7 - оқушы: Малика
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаға барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

Бастауыш сынып мұғалімі: Замира Керимкулова

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама