Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Елордалық 5 дарынды оқушы миллионер атанады

3 қазанда М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласының мектептерінде оқитын, аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 дарынды оқушыға жалпы көлемі 5000 еуроны құрайтын грант тапсырылады.

Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 ізгі іс» жобасы аясында қолға алынды, деп хабарланды қалалық білім басқармасынан.

Қайырымдылық шараның демеушісі Қазақстан Республикасының Баден-Вюртемберг жеріндегі құрметті консулы, Германия іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі Доротея Халлер-Лайбле.

Айта кетейік, 2015 жылдың 22 қазанында ГФР өкілдігінде Қазақстанның Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов ҚР сыртқы саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін Доротея Халлер-Лайблені Нәзір Төреқұлов атындағы медальмен марапаттаған болатын. Ол 2005 жылы Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге елеулі үлесін қосты.

Нәзір Төреқұлов атындағы медаль 2003 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен белгіленген және Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясатқа және екіжақты байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін берілетін жоғары марапаты саналады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама